Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған түрленіп келеді: қала дамуы мен жасыл болашақ

09.02.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЭКОНОМИКА
Талдықорған түрленіп келеді: қала дамуы мен жасыл болашақ

informburo.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары Талдықорғанда бірқатар оңды өзгерістер болып жатыр. Қала көшелері жаңарып, тұрғын үйлер салынуда, инфрақұрылым жақсарып, халықтың жайлы өмір сүруіне жағдайлар жасалуда.

Бүгінде Талдықорғанда жол жөндеу, аула абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Көшелерге жаңа шамдар орнатылып, балалар алаңдары мен демалыс орындары көбеюде. Бұл – қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар. Сонымен бірге қоқыс шығару, көгалдандыру, тазалық мәселелері де назардан тыс қалған емес. Қала тазалығы – әкімдік жұмысының күнделікті басты міндеттерінің біріне айналуда.

Шаһарда сондай-ақ, жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, кезекте тұрған азаматтар баспаналы бола бастады. Әсіресе, жас отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлердің саны артып келеді. Бұл тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Экономиканы өркендету  мен инвестиция тартуға да көңіл бөлінуде. Өндіріс пен кәсіпкерлік саласы да біртіндеп даму үстінде. Қалаға инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың табысын арттырып, қаланың экономикалық әлеуетін күшейтеді.

Қалада «ақылды қала» элементтері енгізіле бастады. Бейнебақылау, көлік қозғалысын реттеу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстар – заман талабына сай жүзеге асырылуда. Халықпен байланыс орнатуға да ерекше мән беріліп отыр. Жергілікті тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары ескеріліп, мүмкіндігінше шешімін табуда. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді арттыратын маңызды іс.

Жалпы алғанда, Талдықорғанда атқарылып жатқан жұмыстар қаланың дамуына бағытталғанын аңғартады. Әрине, шешімін күткен мәселелер де бар, билік тарапынан олардың кезең-кезеңімен реттелуі де қадағалануда. Сол себепті Талдықорғанның келешегі зор, болашағының жарқын екенін көрсетеді. Қалай десек те, қала басшылығының жасаған жұмысының бәрі әрқашан назарда және мұның бәрі тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Айта кетейік,  қала әкімі Ернат Бәзіл былтыр көптеген жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру мен жабайы сауданы жоюда айтарлықтай жұмыс атқарды. Өздеріңіз білетіндей, бұл мәселені Ернат Дүйсенбекұлына дейін талай адам шешуге уәде бергені белгілі. Бірақ, бұл жағдай жылдар бойы еш өзгеріссіз қалған. Ал қазір оң өзгерістер бар. Қала басшысы соттар мен шағымдарға қарамастан, қолға алған ісін соңына дейін жеткізіп, бүгінгі таңда саудагерлер заман талабына сай қызмет көрсететін сауда орындарына көшті. Қала орталығы да көркейіп, жаяу жүргіншілерге арналған «Арбатқа» айналды. Сонымен бірге жаңа ірі сауда-ойын-сауық орталығын құру жұмыстары басталды.

Бұған қоса, әкім жергілікті инвесторларды тұрғындар үшін жаңа демалыс орнына айналатын жобаға инвестиция салуға көндірді. Салықты қысқартып, шағын және орта кәсіпкерлікті түбегейлі қолдау қала экономикасы үшін маңызды қадам болып табылатын бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету болды. Шаһар басшысы бұл мәселеде шағын және орта кәсіпкерліктің жағына шықты. Осы тұрғыда көптеген басқа қалаларда билік жоғары пайыз арқылы бюджетке көбірек ақша тартуға ұмтылғанымен, Ернат Дүйсенбекұлы жүктемені азайту кәсіпкерлерге өмір сүруге ғана емес, дамуға да көмектесетінін назарға алды. Бұл шешім баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бірнеше жұмыс орындарын сақтап қалуға жол ашты.

Талдықорғанды көпшілік «жасыл қала» деп атайды. Бұл – жай айтылған сөз емес. Әсіресе, жаз айларында қаланың қай көшесіне барсаңыз да ағаштар мен түрлі-түсті гүлдер көз тартып, ерекше бір жайлылық сезімін сыйлайды. Жаздың аптабында көлеңке, көктем мен күзде қоңыр-салқын ауа – осының бәрі жасыл желектің арқасы. Соңғы жылдары қалада көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Көшелер бойына, аулаларға, саябақтар мен демалыс орындарына мыңдаған көшет отырғызылуда. Қураған ағаштардың орнына жаңалары егілуде. Бұл жұмыстар тек сән үшін емес, қаланың экологиясын жақсарту үшін жасалып жатқан иігілікті істер. Жасыл аймақтар да қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Жасыл желек қаланың ауасын тазартып, ыстықты басады. Ағаштар шаңды ұстап, оттегіні бөліп шығарады. Сондықтан Талдықорғандағы жасыл аймақтар тұрғындардың денсаулығына да оң әсерін тигізіп отыр. Көктем мен күз айларында сенбіліктер жиі ұйымдастырылады. Оған қала тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері белсенді қатысады. Бұл – табиғатқа жанашырлықты арттырып қана қоймай, қалаға деген сүйіспеншілікті күшейтеді.

Бір сөзбей айтқанда, Талдықорған – жасыл желегімен көркейіп, табиғатпен үндес дамып келе жатқан шаһар. Мұндай ортаны сақтау – әр тұрғынның ортақ міндеті. Ағашты баптап, табиғатты аялау арқылы біз шаһардың көркін ғана емес, болашақ ұрпақтың өмір сапасын да жақсартамыз.

Десек те соңғы кездері жаз кездерінде қала көшелері мен аулаларында отырғызылған кейбір ағаштардың уақытылы суарылмай, түбі кеуіп, топырағы жарылып жатқанын байқаймыз. Әрине, бұл жағдай қала тұрғындарын алаңдатпай қоймайды. Біз білетіндей, қалада көптеген көшет отырғызылды. Бұл – құптарлық іс. Бірақ, ағашты отырғызумен жұмыс бітпейді. Оны күтіп-баптау, дер кезінде суару – ең маңызды кезең. Дер кезінде суарылмаған ағаштың ұзаққа бармайтыны белгілі. Жас көшеттер алғашқы жылдары тұрақты күтімді қажет етеді. Әсіресе, жаздың ыстығында суарылмаса, ағаш тамыр жайып үлгермей қурап қалады. Бұл – тек табиғатқа емес, бюджетке де зиян. Себебі, қураған ағаштың орнына қайта көшет отырғызуға тағы қаржы жұмсалады.

Көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекемелер бұл мәселеге ерекше мән беруі тиіс. Суару кестесінің сақталуы, арнайы техника мен жұмысшылардың уақытылы жұмыс істеуі – жасыл желекті сақтаудың басты шарттары. Сонымен бірге тұрғындардың да бейжай қалмауы маңызды. Өз ауласындағы ағашқа су құю – үлкен жауапкершіліктің белгісі. Егер бүгін отырғызылған ағашқа дұрыс күтім жасалмаса, ертең жасыл қала деген атаудан айырылып қалуымыз мүмкін. Табиғатты қорғау – бір күндік науқан емес, күнделікті жүйелі жұмыс. Яғни, Талдықорғанның көркі – оның жасыл желегі. Ағашты уақытылы суарып, күтіп-баптау арқылы ғана қаланың экологиялық тепе-теңдігін сақтай аламыз. Бұл іске жауапты мекемелер де, қарапайым тұрғындар да бірдей атсалысуы тиіс.

Осы мәселеге қала басшысы ерекше мән беріп, өткен жылы қаланың су артерияларын қалпына келтіру жұмыстары мәре сызығына шықты. Әкімнің мақсаты – Талдықорғанға ең жасыл қала мәртебесін қайтару үшін суарумен қамтуды 100% — ға дейін жеткізу. Сондай-ақ, былтыр талай отбасы жылдар бойы иесін күтіп тұрған үйлеріне қоныстануға мүмкіндік алды. Ернат Бәзіл бұл мәселені қала тарихындағы даулы бетті біржола жабу үшін жеке бақылауға алды.

«Ұлан» сияқты шағын аудандарда жөндеу жұмыстары кешенді жүргізілді. Асфальт қана емес, үйлердің қасбеттері, шатырлар мен ойын алаңдары да өзгерді. Сонымен бірге, жол қызметтері жедел әрекет ету режиміне көшті. Шұрық тесілген жолдар да көп күттірместен ретке келтіріле бастады. Мұндай  жұмыстың көбі қала басшысының тікелей бақылауымен жүзеге асты.

 

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.