Облыстағы бизнес-қоғамдастық сауда және интеграция министрлігінің жаңашылдығын реттеушілік әсерді талдаусыз асығыс қабылдады деп есептейді. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында сауда жөніндегі салалық кеңес жұмысы шеңберінде сауда және интеграция министрінің бұйрығы талқыланып, ведомство атына ескертулер мен нақты ұсыныстар әзірленді.
Сауда жөніндегі кеңес төрағасы Эдиль Казакпаев атап өткендей, атаулар тізбесін өсіру өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда кәсіпкерлерімен келісілетіні туралы алдын ала айтылған. Алайда шешім қабылдау бір жақты болып, нәтижесінде «үйдегі дүкендер» өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.
Шағын кәсіпкерлік мүддесі үшін сөз сөйлеген Эдиль Казакпаев іс жүзінде әрбір 31 атауда 310-нан аса позиция бүркемеленгенін, оларға үстеме баға 15% -дан аспауы тиіс екенін, егер сауда министрлігі инфляцияны ұстап қалғысы келсе, онда бірден барлық өнімге үстеме бағаны мемлекеттік реттеуді 15%-дан аспайтындай етіп белгілеу керек екенін айтты.
Әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлар тізбесінің ұлғаюына қарсылық білдіріліп, облыстық кәсіпкерлер палатасының сауда кеңесінің мүшелері дәлелдер келтірді.
Бірінші. Тізімді іс жүзінде 310-нан астам атауға дейін ұлғайту үй жанындағы дүкендер үшін қалыптасқан үстеме бағаны 20%-дан 10-15%-ға дейін төмендетеді. Ал бұл кәсіпкерлердің ең төменгі табысты айтпағанда, қызметтің шығынды бөлігін қамтамасыз ете алмауына әкеледі. Сатып алу бағасының өсуі, логистика және жалдау, қызметкерлер жалақысы деңгейін көтеру, тағы басқа жағдайларда дүкендер босату бағасын ең төменгі табысты қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтере алмайды. Бұл реттелетін позициялар бойынша «нөлге» немесе тіпті «минус» жұмысына әкеледі.
Өнімдер бағасы – өндірушілердің, көтерме саудада – сатушылардың және импорттаушылардың бағасынан шығатынын ескере отырып, тауар жеткізушілер тауарларды бөлшек сауда желісіне жеткізуден бас тартуы немесе басқа сату арналарын, болмаса басқа өңірлерді таңдай отырып, жеткізу көлемін қысқартуы мүмкін.
Бұл дүкен сөрелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тапшылығының пайда болу қаупін туғызады. Сондай-ақ, «үйдегі дүкендер» қымбат, бірақ сапасы төмен аналогтарды ұсына бастауы, жай ғана ассортиментті қысқартуы немесе ӘМАТ тауарларынан бас тартуы мүмкін. Бұл халық наразылығын тудырады. Немесе нұсқа ретінде 5-10% мөлшерінде ӘМАТ тауарлар бойынша шығындарды немесе толық алынбаған пайданы өтеу үшін «үйдегі дүкендер» ӘМАТ тауарлар тізбесіне кірмейтін басқа тауарлар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Мұндай жағдай басқа сегменттерде инфляцияның жалпы өсуіне алып келуі ықтимал. Спикерлер айыппұл мөлшерін арттыру түріндегі әкімшілік жазаны қатаңдату, қосымша есептілікті енгізуге байланысты бизнеске төрешілдік жүктемені арттыру мәселелерін де айналып өткен жоқ.
Сауда және интеграция министрлігінің ұстанымын сынай отырып, сарапшылар ведомствоның инфляцияның негізгі себептеріне тікелей әсерін талдаудың жоқтығын атап өтті. Ішкі бөлшек саудада бағаны қарапайым күштік әкімшілік реттеу баға өсуінің және нәтижесінде инфляцияның түбегейлі проблемаларын шешпейді. Іс жүзінде ол 3 жыл бұрын «инвестицияларға айырбастау тарифі» мемлекеттік жобасында автоматты түрде «кепілге қойылған». Сондай-ақ, өнімдерді өндіру кезінде компоненттерге әлемдік бағалардың өсуі, логистикалық шығындар, валютаның өсуі және жеткізушілердің монополиясы есепке алынбайды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сауда кеңесі отырысқа қатысушылардың басқа да дәлелдерін тыңдап, бірқатар ұсыныс әзірледі. Олардың ішінде ӘМАТ тауарларының 19 атауының тізбесін өзгеріссіз қалдыру, себебі, қазіргі таңда ол оңтайлы және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған азық-түлік қоржынын қолдау үшін талаптарға сәйкес келеді, ӘМАТ-на үстеме бағаны 25%-ға дейін ұлғайту – аталған тауар бағасын ұстап тұру және бәсекеге қабілеттілікті құру үшін өндірушілер (импорттаушылар) мен ірі және орта сауда желілері (ритейлер) сияқты үй жанындағы дүкендер үшін дотацияны қамтамасыз ету бар.
Кәсіпкерлер ведомствоға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жариялаған әлеуметтік әмиянды бекіту жөніндегі пилоттық жобаны шұғыл түрде жұмыс режиміне енгізуді және ӘМАТ үшін ақы төлеу жөніндегі мобильді қосымшаны іске қосуды ұсынады. Сауда және интеграция министрлігі жанындағы ӘМАТ және азық-түлік бағасын ұстап тұру жөніндегі жұмыс тобына бөлшек сауда, оның ішінде үй жанындағы дүкендер (қауымдастықтар), «Атамекен» өңірлік палаталарының өкілдері енгізілмек.
Жетісу облыстық кәсіпкерлер палатасының сауда кеңесі орталық мемлекеттік органдардың назарын кәсіпкерлік қызметті реттейтін маңызды нормативтер бизнестің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленуі тиіс екендігіне аударады. Нормативтік-құқықтық актілерді әзiрлеу кезiнде нақ осы «керi байланыс» кейiннен олардың табысты iске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермек.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА





