Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

УАҚЫТ ТАЛАБЫМЕН ҮЙЛЕСКЕН

02.07.2016
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық да­муының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жарты­жыл­дық қорытындысы» атты кеңес өтті. Жиналыстың күн тәрті­бін­дегі мәселелер бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрлік тарапынан атқарылған игілікті іс­терден хабардар етіп, алдағы міндеттердің ауқымдылығын баян­дады. Сондай-ақ, онлайн режимінде өткен телекөпір ар­қылы жаңа индустриалды және инфрақұрылымдық бірнеше ны­сан іске қосылды.

Телекөпірде бірінші болып сөз алған Елбасы индустриалды-инно­ва­ция­лық даму бағдарламасының бірін­ші бес­жылдық жоспарының нәтижелі аяқ­тал­ғанын айта келіп, алдағы кезең­дердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламаның дағда­рыс жағаласқан қиын жағдайдан қи­нал­май шығуға жол ашатынын атап өтті. Осыдан кейін баяндама оқыған жаңа министр индустриалды-иннова­циялық даму бағдарламасы­ның ар­қасында ел халқының табысы ар­тып, жұмыссыздық деңгейі төмен­де­­генін, өнеркәсіпте қосымша жаңа жұмыс орындары құрылғанын нақты ай­тып берді. Сондай-ақ, екінші бес­жыл­дықта іске асыру жоспарлан­ған жобалардың ауқымды­лы­ғын да жет­кізді. Сонымен бірге ин­дустрия­лан­дыру картасының және «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағ­дар­ла­масының жобаларын жүзеге асы­ру экономиканың өңдеу секторын сапалы жаңа деңгейге көтеруге және әлемдік стандарттарға сай, ұтымды көлік-логистикалық инфрақұры­лым­да­рын құруға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

 Мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан шаралар мен өңірлердегі жетістіктерден толық хабар алған Елбасы бірінші бесжылдық кезінде қомақты шетелдік инвестиция тарты­лып, оның дені елді индустриалды-инновациялық дамыту бағдарлама­сы­на тиесілі болғанын айта келіп, ин­дустрияландырудың екінші бес­жыл­дығы бұрынғыдан да нақтырақ көрі­ніске ие болатынына тоқталды. Әсіре­се, бағдарлама аясында осыған дейін мұнай өңдеу және металлургия ке­ше­ні, тамақ және химия өнеркәсібі, өнер­кәсіптік жабдықтар және құрылыс ма­териалдары өндірісін дамытуға барын­ша назар аударылып отырғанын жет­кізді. Сондай-ақ, онлайн режимінде өткен телекөпір барысында республика бойынша телекөпір форматындағы кеңес аясында 8 нысан іске қосылып, индустрияландыру нәтижесінде әлеу­меттік дамуын нығайтқан 3 өңірдің тә­жірибесі таныстырылды. Олардың эко­но­микалық мүмкіндігі мен әлеуетін тың­дап, болашағын саралаған Мемлекет басшысы аталмыш нысандарды іске қосып, алдағы табыстарына сәттілік ті­леді. Сонымен қатар, тікелей бай­ла­ныс арқылы өңір тұрғындарымен тілдесіп, олардың жаңа Қазақстанды құруға құлшына еңбек етуін тапсырды.

Жиналыс барысында Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев индустрияландыруды «Қазақстан – 2050» Стратегиясының бас­ты мақсаттарына жетуге бағыт­тал­ған бүкіл мемлекеттік саясаттың өзегі ретінде атады. Әсіресе, Қазақстан үшін тү­бегейлі жаңа – мұнай-газ химиясы, ав­томобиль құрастыру және тағы басқа өнеркәсіп салаларын құру мен да­мытудың маңыздылығына тоқтала ке­ліп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс мате­риал­дарының өндірісі, машина жасау сияқты секторларда отандық бизнесті дамытып, бәсекеге қабілетті өнім жасау және сыртқы нарықтарға шығу үшін зор әлеует бар екенін атап көрсетті. Ал екін­ші бесжылдықта Президент еліміз­дің автокөлік жолдарының сапасы мен оны күтіп ұстауға бағытталған шаралар ая­сын­да жол құрылысына, инфра­құ­ры­лым­ға қыруар қаржы салынып жатқа­нын, жаңа техникалар тартылып отыр­ға­нын, мамандардың даярлықтан өтіп жат­қанын айта келіп, жол сапасына мұ­қият қарау керектігін тапсырды. Шикі­зат өнеркәсібі мен өңдеу саласы және орта, шағын бизнесті дамытудың жолдарын қарастырып, тың нәти­же­лерге жетуге жұртты шабыттан­дырды. Азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрғын­дарды баспанамен қамту мәселесі және шағын несие беру жағындағы келеңсіздіктерді көрсетіп, оны шешу­дің жолдарын ұсынды.

Тағы бір айта кетерлігі, Елбасы Үкіметке экономика өсімі қарқынының төмендеуіне жол бермеуді тапсырды. Телекөпірде Елбасы қазақстандық жастардың арасынан жаңа «әмбебап» адамдарды, ғалымдарды және өнер­тапқыштарды іздеуге шақырды. Мем­лекет басшысы Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан тарихында болмаған медициналық және білім беру меке­мелерінің салынғанын да атап өтті. Бұл тұрғыдан келгенде оларға Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізіп, еліміздің білім беру сапасын әлемдік деңгейге көтеру қажеттілігін тапсырды. Бұдан бөлек, Елбасы пай­да­лануға берілген және іске қосылатын өндірістердің барлығы жоспарланған қуатына көшуі үшін барлық облыс­тардың әкімдері мен Үкімет бірлесе жұмыс атқаруы керектігін жүктеді.

Соңында Елбасы телекөпірге қа­тыс­қан көпшілікке дағдарыс салдары­нан туындаған келеңсіздікті өндіріс өнімділігінің арттыру мен экономиканы дамыту арқылы еңсеру керектігін міндеттей келіп:

 – Биылғы жылы елімізде 120 ірі өндіріс іске қосылатын болады. Ол өз кезегінде ағайындарды жұмыспен қам­тып, жоғары жалақы алуына мүм­кін­дік береді. Сондықтан жаңа жобаларды іске қосып, экономиканы әртарап­тан­дыру үшін жаңа индустриалды даму бағдарламасына өзгеріс енгізіп, ел әлеуетін еселеуіміз керек. Әрине, қазіргі әлемді қандай сынақтар күтіп тұрғанын болжау мүмкін емес. Десе де, біз туындауы мүмкін тосын жағдайға алдын ала шара қолданатын елміз. Сондықтан өткен жылы бес инсти­ту­ционалды реформа арқылы «100 нақты қадамды» орындауды мақсат еттік. Сондай-ақ, қосымша серпін беретін экономикамыз бар. «Нұрлы Жол» ин­фрақұрылымды даму бағдарламасын іске асыру келешекте еліміздің бәсе­кеге сай болып, халықтың әл-ауқатын өсіруге жұмыс істейді, – деп жина­лысты қорытындылады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.