Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЗАМАНАУИ ГАЗ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ҚҰРАДЫ

03.05.2024
ЭКОНОМИКА
ЗАМАНАУИ ГАЗ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ҚҰРАДЫ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялары басшылығының қатысуымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті.  


Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасында биылғы ақпан айында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды.
  

⏺«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов бірлескен газ жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Қатардың UCC Holding компаниясымен бірге қуаттылығы жылына 1 млрд м3 және 2,5 млрд м3 болатын екі газ өңдеу зауыты, жаңа КС-14 компрессорлық стансасы және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистралды газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісі салынады.
 
ГӨЗ құрылысы өңдеу қуатын арттыру арқылы шикі газды тиімді пайдалануға бағытталған. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін салу оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерді газбен жабдықтаудың, сондай-ақ экспорт көлемін сақтаудың арқасында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа компрессорлық станса мен «Ақтөбе-Қостанай» магистралды газ құбырын іске қосу Қостанай облысының халқы мен өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Жиынға қатысушылар мәміленің негізгі шарттарын бекітті. QazaqGaz және UCC Holding жалпы маңызды төрт жоба бойынша ортақ келісімге келгені атап өтілді. Алдағы уақытта оларды бірлесіп жүзеге асыру жұмыстары басталады.
 
Премьер-Министр жобаларды іске асыру кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясы тобының ішкі құзыреттерін және отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
 

«Қазақстан Президенті мен Қатар Әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 
Анықтама:  
Энергетика министрлігі мен QazaqGaz мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда газ өндіру көлемі 60,456 млрд м3 дейін өседі деп күтілуде. Өндірістің 85%-дан астамын Теңіз (27%), Қарашығанақ (38%) және Қашаған (20%) жобалары қамтамасыз етіп отыр. Газ саласының даму қарқынын елімізде соңғы жылдары газ өндірудің тұрақты өсіп келе жатқанынан байқауға болады.
 
2024 жылы тауарлық газ өндірісі 28,054 млрд м3 көлемінде жоспарланып отыр. Газдың болжамды балансына сәйкес 2024 жылы ағымдағы ішкі тұтыну 20,9 млрд м3 құрайды.

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.