Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жайқалған алқапта ақ маржан

05.09.2016
ЭКОНОМИКА
Жайқалған алқапта ақ маржан
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың сулы да нулы жерінен орын тепкен Балқаш ауданы бай табиғатымен ерекшеленеді. Ауылшаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақта негізінен егін егіліп, төрт түлік мал бағылады. Оған өңір еңбеккерлері әбден машықтанған. Жайқалған ақ күріш те осы өлкеде өсіріледі және ол нарықта жоғары сұранысқа ие. Бұған арнайы іссапармен барғанда көз жеткіздік.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Дәрібаевтың берген мәліметіне жүгінсек, биылғы егіс көлемі 29809 гектарды құраған. Оның ішінде арпа, бидай және дәндік жүгері мен күріш сияқты дәнді дақылдар бар. Мұның сыртында бақшалық, майлы және мал азығы дақылдары мен картоп, көкөніс өсіріледі. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдалана білген ди­қандар жаздық дәнді дақыл­дар­ды жинау жұмысын уақытылы та­мамдаған, ал оның орташа өнім­ді­лігі гектарына 19,1 цент­нер­ден ай­­налыпты. Қысқы мал азы­ғын дайындау мақсатында жо­ңыш­қа алқабының екінші оры­лымы аяқ­талып, 40210 тонна шөп әзір­лен­ген. Сондай-ақ, 21 мың тонна пі­шендеме, 4800 тонна сүрлем дайындалған. Қытымыр қыстан қы­­сылып қалмауды ойла­ған шар­уа­­лар төрт түліктің жем­шөбін әзір­­леуді әлі де жал­ғас­ты­ру­да.

Ал күзгі егін жинау науқанына қажет мемлекет тарапынан арзан­датылған 738 тонна жанармай Первомай кентіндегі «Қарамай Продактс» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі арқылы литрі 92,0 теңгеден босатылып жатқан көрінеді. Сала мамандарының айтуынша, дәнді дақылдарды жинау ісінде «Бірлік» агро­фир­масы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары көрсет­кіш­терге қол жеткізіп, гектарынан 22,4 центнерден өнім алып, бере­кені тасытқан. Өңір бойынша бар­лығы 8325 гектарға күріш егіліп, басым бөлігі аталған серік­тес­тік­тің алқабында орна­лас­ты­рыл­ған. Шаруа жайымен жақын танысу үшін Бірлік ауылына келдік. Елді мекен Бақанастан шеткерірек аумақта орналасыпты.

Бізді ауыл округінің әкімі Болат Айтымбетов қарсы алып, тыныс-тіршіліктерін көрсетті. Ауылдың кешегісін сөз етіп, бүгінгі күндерін әңгімеледі. Елді мекен жаңа заман талабына сай көріктеніп, сәулет­те­не түскен. Жасыл желекпен көм­ке­ріліп, таза­лы­ққа да баса мән бе­рілген. Жан сарайыңды ашып, бой сергітетін таза ауасы да тамаша. Бір сөзбен айтқанда, ауыл-ай­мақ­тың қазіргі жағдайы жаман емес. Ауыл ок­ругін­де төрт жүзге жуық отбасы, екі мыңнан аса тұрғын бар. Төрт түлік саны да жеткілікті, мал тұ­қы­мын асылдандыру ісіне ден қойыл­ған. Мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­лар­дың жүзеге асырылу барысы да жаман емес. Атқарылып жатқан басқа да іргелі істер жетерлік. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр.

Болат Тәңірбергенұлының әң­гімесінен ұққанымыз – кезінде осы кеңшардың талан-таражға түс­пей сақталып қалуына жоға­рыда атал­ған серіктестіктің бас­шысы Әбді­жап­пар Қыстау­баевтың қосқан үле­сі зор болыпты. Әбді­жаппар Өгіз­байұлы ауыл берекесін ұстап қалу үшін кеңшарды «Бірлік» аг­ро­фирмасы етіп қайта ұйым­дас­ты­рып, тұрғындарды жұмыс­пен қам­тыған. Кездескен қиын­дықтарға да мойымай, оны жеңе білген. Со­дан бері көптеген жемісті істің ба­сын қайырып үлгерген қожа­лық ай­тарлықтай жетіс­тік­тер­ге жетіп, ақ маржан күріштерімен танымал болуда. Өнімдері ай­мақ­тың түкпір-түкпірінде сауда­лана­ды. Бүгінде аудан көлемінде өтетін әртүрлі шараға белсене қатысып, әлеу­меттік, мәдени, спорттық іс-шара­ларға да араласады. Қажет болған жағдайда қиналғандарға көмек қолын созып, демеу көрсе­туден де еш жалыққан емес.

Қуанышпен бөлісіп, қайғыға ортақтаса білетін қожалық иесін тұрғындар құрметтеп қана қоймай, оны мақтан тұтады. Осындай іргелі шаруашылықтың жұмыс істеп келе жатқанына он жеті жылдай уақыт болыпты. Айта кетейік, округ бойын­ша отызға жуық шаруа қо­жа­лығы еңбек етеді. Соның ішінде аталған агрофирма егін шаруа­шылығымен айналысуды қолға алған. Қожалықта негізінен жүзден астам адам жұмыспен қамтылған. Науқан уақытысында олардың саны өсіп, үш жүзге дейін жетеді. Мол өнім алу бағытында ауыспалы егістік жүйесін сақтауға баса мән берілген. Бас агроном Жанат Аймақовтың айтуынша, агрофир­маның қарамағында 5 447 гектар суармалы жер бар, соның 1469 гектарына бидай, 1542 гектарына күріш, 2300 гектарына жоңышқа егіледі. Қалғаны бақшалық дақыл­дар­ға арналыпты.

Бидайдың әр гектарынан 21 центнерден өнім жиналған. Ауыл­шаруашылығы жұмысын жүргізетін техникалардан да таршылық көріп отырған жоқ. Бұған дейін серік­тес­тікте күріштің «Бақанас», «Мә­ди­на», «Алтынай» атты сорттары егі­ліп­ті, ал қазір алқапта негізінен өзі­міздің «Бақанас» және ресей­лік «Регуль» деп аталатын сорт­та­ры өсірілуде. Бұлар сапа жа­ғынан да мақтаулы. Мысалы, бұл күріш тұқымы пісірілген кезде бір-біріне жабыспай, тал-тал болып түседі. Пісірілген күйі бір-екі күн тұрса да дәмін жоғалт­пайтын­дығымен ерекшеленетін ақ мар­жанға деген сұраныс жаман емес. Жалпы, бұл дақыл суды молынан ішкенді ұнатады. Биыл бұл жа­ғынан еш қиындық болмаған.

Рас, биылғы ауа райының қо­лай­­сыздығы мен жиі жауған жаң­бырдың кері әсері болған. Кү­ріш­ке күннің қызуы қажет. Ал соңғы апталардағы ыстық оның толық пісіп-жетілуіне жақсы жағ­дай туғызып тұрған көрінеді.

Күрішшілер жақсы өнім алу бағытында бар күш-жігерлерін салып еңбектенуде. Осы ретте мамандар түсімнің жаман бол­май­тынын және оның әр гектарына 45-46 центнерден айналатынын ай­та­ды.

Қазіргі кезде күріш ору нау­қа­нына дайындық жұмыстары жүр­гі­зіліп жатыр. Бірер күннен соң жай­қалған күрішке комбайн түсіп, дән­ді дақылдар қырманға аттан­ды­­рылады. Осы мақсатта дәнді ақ­­тап, қаптайтын цехтар іске кі­рі­сіп, күріш сақтайтын орындар әзір­­ленуде. Техника да сақадай-сай тұр.

Айгүл Байбосынова

Бірлік ауылы,

Балқаш ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.