Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жалақы мәселесінің Жетісудағы жайы

19.01.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЭКОНОМИКА
Жинақ, инвестиция, бюджет: қаражатты дұрыс басқару кеңестері

7-su.kz/ Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Қазір әл-ауқат, тұрмыс сапасы сынды түсінік түбегейлі өзгеруде. Бұрын әлеуметтік саясат көбіне мемлекеттік жәрдемақылар мен атаулы көмектер төңірегінде ғана сөз болса, бүгінгі бағыт «Адал еңбек ­– Адал табыс» қағидатымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауларында айтылғандай, халық лайықты еңбек етіп, бәсекеге қабілетті жалақы алуына жағдай жасау керек.

Бұл тапсырма іс жүзінде қалай жұмыс істеп жатқанын көру үшін біз Жетісу облысына ерекше назар аудармақпыз. Неге Жетісу? Себебі ресми статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылдың екінші тоқсанында бұл өңір орташа айлық атаулы жалақының өсу қарқыны бойынша елдегі мегаполистерді басып озып, 18,4% өсім көрсетті.

Біз жалақының өсуіне әсер еткен факторларды және облысқа тартылған ірі инвестицияларды талдаймыз. Жетісудағы жағдайға тоқталмас бұрын, жалпы елдегі жалақы саясатының жаңа архитектурасын түсініп алу маңызды. Жалақының төменгі шегін және есептеу стандарттарын мемлекет белгілейді. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін елімізде ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу нақты экономикалық формулаларға емес, көбінесе бюджеттік мүмкіндіктер мен саяси шешімдерге негізделетін. Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жалақыны есептеудің ғылыми негізделген әдістемесін әзірленіп, бұл зерттеулер үш бірдей институттың қатысуымен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осы жаңа әдістеменің нәтижесінде ең төменгі жалақы өседі. Жоспар бойынша, алдағы 5 жылда ең төменгі жалақы мөлшерін елдегі медианалық жалақының 50%-ына дейін жеткізу көзделген.

Бұл қадам Жетісу облысы сияқты аймақтарға тікелей әсер етеді. Себебі базалық ставка көтерілгенде, тек ең аз жалақы алатын қызметкерлерге (мысалы, техникалық персонал) ғана емес, бүкіл еңбек нарығына әсер етеді. Жұмыс берушілер білікті мамандардың жалақысын да индекстеуге мәжбүр болады, әйтпесе біліктілік айырмашылығы жойылып кетуі мүмкін.

Жетісу экономикасының өсім динамикасы

Алматы облысынан бөлініп шыққан жас өңір қысқа уақыт ішінде экономикалық дербестігін көрсетуге тырысуда. Статистикалық деректер бұл талпыныстың нәтижелі екенін көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың II тоқсанында Жетісу облысындағы орташа айлық 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға өстіп, республика бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті.

Ал 2025 жылдың III тоқсанында Жетісудағы орташа жалақы 331 211 теңгені құрады. Әрине, Атырау (544 мың) немесе Маңғыстау (575 мың) облыстарымен салыстырғанда аз болуы мүмкін, бірақ өсу қарқыны жағынан Жетісудың көш бастауы өңірдегі экономикалық белсенділіктің артқанын білдіреді.

Тағы бір маңызды индикатор – нақты жалақы индексі. Инфляцияның әсерін алып тастағанда, халықтың нақты сатып алу қабілеті 106,3% деңгейінде қалыптасты. Бағаның өсуіне қарамастан, халықтың нақты кірісі 6,3%-ға артқан.

Жалақыдан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табыс та өскен. 2025 жылдың III тоқсанында бұл көрсеткіш 168 387 теңгені (кей деректерде 172 мың) құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға жоғары. Халықтың қалтасындағы ақшаның көбеюі ішкі сауданы қыздырып, қызмет көрсету саласын жандандырады.

Табыс көзі қайдан?

«Жалақы қайдан өсті?» деген сұраққа жауапты біз облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың есептерінен және өңірлік даму бағдарламаларынан табамыз. Жалақыны көтеру үшін жұмыс берушінің (мейлі ол мемлекет, мейлі жеке сектор болсын) табысы болуы керек.

2025 жылдың басынан бері Жетісу экономикасына 397 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2024 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 17%-ға артық. Ал Ұлттық статистика бюросының толық 2025 жылғы есебінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 610,8 миллиард теңгеге жеткені, нақты көлем индексі 112,8% болғаны айтылады. Бұл қаржы қайда кетті?

Сарқан ауданындағы «Eneverse Kunkuat» ЖШС салған жел электр станциясы (қуаттылығы 50 МВт, құны 19,4 млрд теңге) және Ескелді ауданындағы «Қора ГЭС-3» (қуаттылығы 29 МВт, құны 10,2 млрд теңге).

Текелі қаласындағы тау-кен байыту комбинатының қайта іске қосылуы және «Электромарганец» ЖШС-ның темірді тікелей қалпына келтіру зауыты (құны 4,4 млрд теңге). Бұл жобалар моноқаланың тынысын ашып, жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

«Достық» станциясындағы көлік-логистикалық хабтардың дамуы. «Dostyk TransTerminal» және «DAR RAIL Infrastructure» жобалары (құны 29 млрд теңгеге дейін) жүздеген жаңа жұмыс орнын ашты.

Жетісу – қант қызылшасының отаны. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен бұл сала қайта жаңғыруда. Көксу қант зауыты мен Ақсу қант зауытының жаңғыртылуы ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіндегі жалақыға оң әсер етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай қант қызылшасының алқабын 12,2 мың гектарға дейін ұлғайтып, 180 мың тонна қант өндіру көзделген. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 483,1 млрд теңгеге жеткен.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 2025 жылы 417,3 миллиард теңгені құрады (+3,3%). Бұл ретте электр энергиясымен жабдықтау саласы 14,3%-ға өскен. Өндіріс орындарының жұмысы жанданған сайын, олардың жұмысшыларға төлейтін жалақы қоры да ұлғаяды.

Осылайша, Жетісу облысындағы жалақының 18,4%-ға өсуі бекер емес. Бір жағынан мемлекеттің ең төменгі жалақыны көтеру арқылы жасаған әлеуметтік қысымының, екінші жағынан өңірге тартылған 600 миллиардтан астам инвестиция мен қайта жаңғырған өндіріс орындарының жемісі.

Алайда, ірі өндіріс орындары экономиканың бір бөлігі ғана. Халықтың басым бөлігі шағын және орта бизнесте, сондай-ақ ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Шағын бизнес

Жалақы өскенде, оның бірінші әсері шағын және орта бизнеске тиеді. Себебі, қалтасында қаржысы бар адам дүкенге барады, қызмет түрлерін пайдаланады, құрылыс жүргізеді. Жетісу облысындағы статистикалық деректер бұл заңдылықтың қалай жұмыс істеп тұрғанын айқын көрсетеді.

Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылдың екінші тоқсанында Жетісу облысындағы шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 566,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артық.

Өсім тек өнім көлемімен ғана шектелмейді. Ең басты индикатор – бюджетке түскен салық.

Қазіргі таңда облыста 63 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі белсенді жұмыс істеп тұр және бұл салада 107,3 мың адам еңбек етуде.

Дегенмен, мақтаулы статистиканың артында жүйелі мәселелер де жоқ емес. «Halyk Finance» аналитикалық орталығының Қазақстандағы шағын және орта бизнеске жасаған талдауы Жетісу өңіріне де қатысты маңызды түйткілдерді ашып көрсетті.

Сауда саласы басым. Айналымы жылдам болғанымен, ол қосылған құн салығын аз өндіреді және экономиканы технологиялық тұрғыдан дамытпайды. Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласы негізінен мемлекеттік қолдау бағдарламалары есебінен ғана ұсталып тұр.

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың орта бизнес санатына өту процесі өте баяу. Кәсіпкерлер бизнесі ұлғайған кезде салық жүктемесі мен тексерістердің артуынан қорқып, заңды тұлғаны жасанды түрде бөлшектеуге (дробить) мәжбүр болады.

Орта бизнес өкілдерінің 35,2%-ы қаржыландырудың қолжетімсіздігін басты кедергі ретінде атаған. Банктер сауданы несиелеуге құмар, ал ұзақ мерзімді өндірістік жобалар назардан тыс қалуда.

Жалақының өсуі жұмысы бар адамдар үшін қуаныш. Ал жұмыссыздар ше? Жетісу облысында «масылдық психологиядан» арылу процесі жүріп жатыр. Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне сүйенсек, соңғы үш жылда облыста 101 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,7 пайызға дейін төмендеді.

2025 жылдың III тоқсанында облыстағы жұмыссыздар саны 14 268 адамды құрады.

Ең басты өзгеріс атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар санында. Басқарма басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, егер бұрын бұл көмекті 62,8 мың адам алса, бүгінде олардың саны 19,8 мыңға дейін қысқарып, 48 пайызға төмендеген.

Бұл цифрлар нені білдіреді? Халық мемлекеттен берілетін азғантай жәрдемақыға қарап отыруды қойып, нарықтағы бос жұмыс орындарына ұмтылуда. Жалақының өсуі (орташа 331 мың теңге) жұмыс істеуді жәрдемақы алудан гөрі тиімдірек етті.

Жетісу – аграрлы аймақ болғандықтан, ауыл тұрғындарының табысы өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы жұмыссыздықты жоюдың негізгі құралына айналды. 2025 жылдың желтоқсанындағы деректер бойынша: 246 өтінім мақұлданған (жалпы сомасы 1,8 млрд теңге); 1,2 млрд теңгеге нақты несие берілген. Бұл қаражатқа ауыл тұрғындары мал сатып алып, шағын кәсіп ашып, өздерін жұмыспен қамтып отыр.

Жалақы теңсіздігі

Статистикалық көрсеткіштер шынайы өмірді толық көрсетпейді. Жетісу облысындағы 331 мың теңгелік орташа жалақының артында салалық және аймақтық теңсіздіктер бар.

Ranking.kz мониторингтік агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда кәсіпорынның көлемі жалақыға тікелей әсер етеді. 2025 жылдың екінші тоқсанында ірі компаниялардағы жалақы орта бизнеске қарағанда  23,5%-ға, ал шағын кәсіпорындарға қарағанда 63,6%-ға жоғары болған.

Жетісуда да осы жағдай қайталанады. Энергетика (ЖЭС, ГЭС) және тау-кен саласындағы ірі жобалардың қызметкерлері жоғары жалақы алса, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын бизнес өкілдерінің табысы орташа деңгейден төмен.

Сонымен қатар маман тапшылығы да байқалуда. Аудан, ауылдарда жұмыс орны бар, бірақ маман жоқ. Әсіресе, дәнекерлеуші, слесарь сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары. Бірақ жастар бұл жұмыстарға барғысы келмейді, себебі ұсынылатын жалақы төмен. Ауылдық жердегі бюджеттік қызметкерлерге берілетін 25% үстемақы қала статусы бар елді мекендерде төленбейді.

Нәтижесінде, статистикалық «орташа жалақының» жоғары болуы қарапайым жұмысшының мәселесін шешпейді. Жоғары білікті мамандар (инженерлер, энергетиктер) мен қарапайым жұмысшылардың табысы арасындағы алшақтық кадрлардың ауысуына және жастардың өндірістік мамандықтардан қашуына әкеліп соғуда.

Жетісу экономикасының нақты секторында екіұшты жағдай қалыптасқан. Бір жағынан, шағын бизнестің жандануы және салық түсімдерінің 35%-ға өсуі – өңірдің экономикалық денсаулығының жақсарғанын көрсетеді. Халықтың әлеуметтік көмектен бас тартып, еңбекке бет бұруы – үлкен жетістік.

Екінші жағынан, шағын және орта бизнес пен ірі бизнес арасындағы, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы жалақы алшақтығы әлі де өткір мәселе күйінде қалып отыр.

Теңсіздік қайшылығы

Экономикалық әл-ауқат тек банк картасындағы цифрлармен өлшенбейді. Азаматтың бақыт индексі оның тұратын үйінің жайлылығына, баласының білім сапасына және болашаққа деген сеніміне тікелей байланысты.

Жалақы өскенімен, егер аймақта жайлы өмір сүру ортасы болмаса, білікті мамандар басқа өңірлерге көшіп кетеді. Сондықтан құрылыс пен инфрақұрылым – кадрларды ұстап қалудың негізгі құралы.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Жетісу облысында 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға көп.

Мұнда қызықты тенденция байқалады. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы 20,7%-ға азайған (113,8 мың ш.м.). Есесіне, жеке тұрғын үйлерді (ЖТҮ) іске қосу 29,6%-ға артқан (296 мың ш.м.). Жеке тұрғын үй құрылысының күрт артуы – халықтың жинаған қаражатының (қорлануының) өскенін көрсетеді. Адамдар мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерді күтпей, өз жер телімдерінде үй салуға кіріскен.

Халық санының өсуі (облыс халқы 692 мыңнан асты) әлеуметтік нысандарға жүктеме түсіреді. Халықтың жартысына астамы ауылда тұрады. Сондықтан базалық инфрақұрылым өте маңызды. Газдандыру, сумен жабдықтау жұмысы қарқынды жүруде.

Зерттеулер көрсеткендей, елімізде ірі кәсіпорындардағы жалақы шағын кәсіпорындарға қарағанда орта есеппен 63,6%-ға жоғары. Жетісу облысында бұл алшақтық айқын көрінеді.

Жалпы республика бойынша қалалардағы жалақы ауылға қарағанда 23,4%-ға жоғары. Алайда, Жетісу сияқты аграрлы аймақтарда керісінше жағдай орын алуы мүмкін. Ірі агроқұрылымдар (мысалы, қант зауыттары мен сүт фермалары) орналасқан ауылдарда табыс деңгейі, өнеркәсібі жоқ шағын қалаларға қарағанда тұрақтырақ.

Болашаққа бағдар

Жетісу облысының экономикалық болашағы қандай? Ресми құжаттар мен инвестициялық портфельге сүйене отырып, біз өңір дамуының 3 негізгі драйверін анықтадық.

Логистикалық хаб: «Шығыс қақпасы» Жетісу – Қытаймен шекаралас аймақ. Бұл – орасан зор транзиттік әлеует. «Dostyk TransTerminal»: Құны 16 млрд теңге болатын терминал жылына 2 млн тонна жүк өткізуге қауқарлы. «DAR RAIL Infrastructure»: Құны 29 млрд теңгелік жоба жылына 9 млн тоннаға дейін жүк және 300 мың контейнер өткізуді көздейді. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА: Мұнда жалпы құны 330 млрд теңге болатын индустриалды парк салу жоспарлануда.

Аталмыш жобалар – қарапайым жұмысшылар үшін емес, логистика, IT және басқару саласындағы жоғары білікті мамандарға арналған мыңдаған жаңа жұмыс орындары.

Алакөл, Балқаш жағалауынан бөлек, тау туризміне басымдық берілуде. Текелі қаласында заманауи шаңғы және биатлон кешенін салу және «Бұрқан бұлақ» сарқырамасына жол тарту жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қант қызылшасы алқабын 12,2 мың гектарға (2,9 есе) ұлғайту және 180 мың тонна қант өндіру жоспары – ауыл шаруашылығындағы тұрақтылықтың кепілі.

Сонымен, «Жетісудағы жалақының 18,4% өсімі нені білдіреді?» деген басты сұраққа жауап берейік.

Инвестицияның 17%-ға, ШОБ өнімінің 15,2%-ға және салық түсімінің 35,6%-ға өсуі – жалақының жасанды емес, табиғи түрде өсіп жатқанын дәлелдейді. Ең төменгі жалақының өсуі және бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру – өңірдегі орташа көрсеткішті ұстап тұрған негізгі фактор. Халықтың АӘК (жәрдемақы) алудан жаппай бас тартып (48% қысқару), еңбек нарығына шығуы – қоғамдық сананың өзгергенін көрсетеді.

Түйін: Жетісу облысы өзін-өзі асырайтын өндірістік-логистикалық хабқа айналу жолында тұр. Қарапайым оқырман мынан ұғынуы керек. Жұмыс бар, ақша бар, бірақ талап та жоғары. Ендігі кезекте тек «жұмысқа бару» емес, жаңа технологияларды меңгеріп, логистика, туризм және заманауи агробизнес саласында біліктілікті арттыру қажет. Себебі нарық енді тек кәсіби мамандарға ғана жоғары (331 мыңнан жоғары) жалақы төлеуге дайын.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.