Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жер қойнауын барлау мүмкіндігі артты

19.02.2025
ЭКОНОМИКА
Жер қойнауын барлау мүмкіндігі артты
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік теңгерімде 987 қатты пайдалы қазба, 355 көмірсутек, 3 666 кең таралған пайдалы қазба кен орны, шамамен 4 540 жерасты су кен орны есепте тұр. Жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен 1:200 000 масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша өңірлік жұмыс орындалады.

2026 жылдың соңына қарай 2,2 млн шаршы шақырым аумақта геологиялық-гео­физикалық зерттеу жүргізу жоспа­ры бар. Бүгінде мұндай зерттеу көлемі 1255,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

«Жаңа көмірсутек кен орындарын ашуға мүмкіндік бар. Геологтер шартты отынның болжамды ресурсы шамамен 76 млрд тонна болатын 15 шөгінді бассейнді бөліп отыр. Бүгінде мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Ең ірісі – Каспий маңы. Онда ресурстық базаның шамамен 80%-ы бар», дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров.

Болашағы бар, бірақ аз зерттелген 5 шөгінді бассейн – Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс маңы. Бұлардағы іске аспаған көмірсутек әлеуеті өте үлкен. Сондықтан экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жер қой­науын зерттеу тәсілдері мұқият қайта қаралып жатыр.

Биыл қаңтарда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап аукционға және лицензияны беруге дейінгі үздіксіз үдеріс цифрлық форматта жүзеге асады. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың айтуынша, қазір бірыңғай платформа арқылы геология мен жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет электрондық түрде қолжетімді. Платформаға жазылу бонусын тіке төлеуге мүмкіндік беретін «электрондық әмиян» қызметі де бар. Интерактивті картаның арқасында инфрақұрылымнан бастап геологиялық-геофизикалық есептерге дейін сұралған аумақ бойынша толық ақпарат алуға болады.

«Қатты пайдалы қазбаларға берілген лицензия мен келісімшарт міндетінің орындалуын бақылау үдерісі цифр­ландырылды. Бұрын бақылау 3 000 лицензия мен келісімшарт бойынша қолмен жүргізілетін. Жер қойнауын пайдаланудың жыл сайынғы есептері автоматтандырылды, бұл қағазбастылықты жояды. Бірыңғай геологиялық қызметті геологиялық ақпаратпен толтыру үшін «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ 56 мыңнан астам ашық қосалқы геологиялық есепті цифрландырып, жариялады. Платформаны іске қосу үшін халықаралық тәжірибе зерделенді, бизнес-үдерістер реинжинирингтен өтті. Жүйе архитектурасы мен енгізу тәсілі қайта қаралды. Финляндия, Ка­нада, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірлігіндегі ұқсас геопорталдар тәжірибесі негізге алынды», дейді вице-министр.

Қазірге дейін 506 өтініш цифрлық форматта өңделген. Қаңтарда платформа арқылы қатты пайдалы қазба қоры бар 21 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілді. Оған 50-ден астам компания қатысты. Қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 20 млрд 69 млн теңге болды. Осылайша, цифрлық қызметтерді іске қосу геология мен жер қойнауын пайдалануда мемлекет пен ниетті субъектінің өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етудегі маңызды белеске айналды. 

Дереккөз: egemen.kz
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.