Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісуда «Бақ – Береке» кәсіпкерлер форумы өтті

29.11.2025
ЭКОНОМИКА
Жетісуда «Бақ – Береке» кәсіпкерлер форумы өтті

vestnik19.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған «Бақ – Береке» кәсіпкерлер форумы өңірдегі іскер қауымын бір алаңға жинады. Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығына орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен шарада бизнес, білім және қоғамдық даму тақырыптары жан-жақты талқыланды.

Форумды облыстық іскер әйелдер қауымдас- тығының төрайымы Анель Кәпекова ашып, бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының маңызды бөлігін қалыптастырып отырғанын атап өтті.

– Мақсатымыз – бизнес иелерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, жаңа идея тудыруға мүмкіндік беру. Қауымдастықтың 30 жылдық мерейтойы тек тарих емес, жаңа белестердің бастауы, – деді.

Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер толғақты мәселелерді қаузап, маңызды ұсыныстарымен бөлісті. Солардың қатарында коммуникация саласының сарапшысы Меруерт Жүнісбек кәсіпкердің 70 пайыз табысы коммуникация сапасынан келетінін тілге тиек етіп, кәсіпкерлердің жеке брендін, сөйлеу мәдениетін, аудиториямен байланыс орнату тәсілдерін түсіндірді.

– Бүгінгі нарықта клиент сенетін адаммен жұмыс істейді. Сіздің сөзіңіз, дауыс ырғағыңыз, өзіңізді ұсынуыңыз – бизнесіңіздің құрамдас бөлігі. Кәсіпкер үшін ораторлық қабілет жай дағды емес, табыстың тікелей факторы, – дейді спикер.

Бухгалтерлік қызметтер орталығының негізін қалаушы Сандуғаш Шаймерден «Қаржы сауаттылы- ғы – бизнес тұрақтылығының негізі» деген тақырыпта сөйлеп, шағын және орта бизнес иелеріне қаржылық жоспарлау, салық жүйесі және бухгалтерлік есептің маңызды қырларын түсіндірді.

– Қазақстанда кәсіп бастайтындардың көпшілігі өнімді ойлайды, бірақ қаржылық модельді ойламайды. Табысты кәсіптің негізі – дұрыс есеп, таза қаржы, нақты жоспар, – деп сөзін қорытты.

Талдықорған политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожай жастармен жұмыс, дуалды білім беру, IT және инженерлік мамандықтарды дамыту жайлы сөз қозғады.

– Бизнес пен білім бір-бірінен бөлек болмауы керек. Кәсіпкерлер университетпен бірігіп жұмыс істеуі арқылы жаңа кадр даярлауға үлес қосады, – дейді ол.

«Альянс Стратег Орталық Азия» бизнес клубының негізін қалаушы, кәсіпкер Азамат Сәрсембаев қатысушыларға мотивациялық баяндама жасап, өзінің бизнестегі қателіктері мен жетістіктерімен бөлісті.

– Табысты кәсіптің формуласы – батылдық, зерттеу, команда және қоғамға пайда әкелу. Егер бизнес тек ақша үшін жасалса, өмірі қысқа болады, – деді тәжірибелі кәсіпкер.

Форум барысында өңірдің белсенді кәсіпкерлері нақты бизнес-кейстері мен шынайы тәжірибелерін ортаға салып, қатысушыларға мотивациялық серпіліс сыйлады.

Қатысушылар диалог секцияларында бизнес жүргізудегі қиындықтар, инвестиция тарту, маркетинг стратегиясы, әйел кәсіпкерлігінің даму перспективаларын талқылады.

Қысқасы, облыс кәсіпкерлерін біріктіріп, жаңа серіктестіктерге жол ашқан форум қатысушыларына алғыс білдіріліп, келесі жылы да жалғасатыны хабарланды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.