Талдықорған: -6°C
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАНДАНУДА

04.07.2024
ЭКОНОМИКА
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАНДАНУДА
WhatsAppTelegramFacebook

Автокөлік жолдары экономиканы дамытудағы күретамыр. Сол себепті ол әр уақытта маңызды сала қатарынан түскен емес. Ауыл, қалалардағы тозығы жеткен көшелерді уақытылы жөндеп, қажет болса жаңасын салу да кезек күттірмейді.


Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында қазір облыс орталығында да жүріп жатқан жұмыстар аз емес. «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген мәліметіне жүгінсек, биыл 63 көшені жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, 31 көшенің құрылысын жүргізу секілді істер жүзеге асырылуда. Мәселен,  мердігер ұйым «Integra Construction KZ» ЖШС 8, 9 шағынауданындағы 5,5 шақырымдық 9 көшеге жаңа жол салады. 2021-2022 жылдары 1,9 шақырым болатын 4 көше, былтыр 2,3 шақырымдық 2 көше салынды. Биыл қалған 1,3 шақырым 3 көше жасалады. 

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Жоба келесі жылға дейін іске аспақ. Сонымен бірге «Жастар-1» жаңа тұрғын ауданындағы 53 көшеге 25,7 шақырымдық жаңа жол салынып, 9,8 шақырымды құрайтын 19 көшеге ірі түйіршікті асфальт жабыны төселген. Өткен жылы 34 көшеде 14,8 шақырымға ірі түйіршікті асфальт төселіп, мұндай жұмыс биыл да жалғасуда. Бұған қоса 4 көшеге ірі түйіршікті асфальт салынып, тротуарлар орнатылуда. Жаңа  Солтүстік-Батыс тұрғын ауданында да ұзындығы 23,7 шақырымдық  45 көшенің құрылысы қыза түспек.

2021-2022 жылдары 10,3 шақырым 24 көшеге және 8,8 шақырымдық 13 көшеге құм-қиыршықтас төселді. Өткен жылы 7 шақырымдық 8 көше асфальтталды. Ал биыл 25 көшеде ірі түйіршікті асфальт төсеу басталды. Бұл жұмыстар келесі жылға дейін жалғасады. 

Көшелерді күрделі және орташа жөндеуден өткізу жұмыстары да ретімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 14,6 шақырымды құрайтын бірнеше көше күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мәселен, мердігер ұйым «Теплоэнергострой» ЖШС-нің еңбеккерлері Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданындағы 12 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Мердігер ұйым «Алматыдорстрой компаниясы» ЖШС-нің жолшылары келесі жылға дейін «Шығыс» тұрғын ауданының  7 көшесіндегі жолды күрделі жөндеуден өткізуді аяқтайды. 

Өтенай ауылдық округіндегі автокөлік жолдарына да күрделі жөндеу жүргізілуі тиіс. Онда жалпы ұзындығы 6,1 шақырымдық 7 көше бар. Осы жұмыстар бойынша былтыр 325,7 млн. теңге игеріліп, ұзындығы 3,2 шақырымдық 4 көше асфальтталды. Ал биыл қалған   3 көше жөндеуден өтеді. Автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу 2026 жылға дейін Еркін ауылдық округі мен «Көктал» шағынауданында және 3-бөлімшеде жалғасады.  

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 18,4 шақырымдық 16 көше орташа жөндеуден өтуде. Мұндай жұмыстар Алматы – Өскемен тас жолынан Ащыбұлақ саяжай қоғамына дейінгі Алмалы саяжай жолы мен Герцен, Абылайхан, Фрунзе, Ақылбеков көшелерінде және  Гагарин көшесі Н. Назарбаев даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықта жүруде. Бұған қоса мерекелік саяжайдағы Айвовая, Балақты, Малиновая, Яблоневая атты 4 көше, Жақсыгелдинов, Кенжебаев, Құсайынов, № 7 үй мен № 29 мектепке дейінгі кірме жолдар және Қызыл тас саяжайының 4 көшесі ретімен қалпына келтіріледі.     

Сонымен бірге Шайқорған тұрғын үй алабындағы 30 көше, Өтенай ауылындағы «Жастар-2»-дегі 13 көшеге күрделі жөндеу жүргізіледі. «Талдықорған – Үштөбе жолы «RP» жанармай бекетінен Еңбек ауылына дейінгі жол кеңейіп, қайта жаңғыртылады. «Плодопитомник» пен Солтүстік – Батыс тұрғын аудандарын жалғайтын жер мен «Оңтүстік – Батыс» 11-12 тұрғын ауданында,  «Алматы – Өскемен» тасжолының 259 шақырымы Ынтымақ және коттедж қалашығында жол құрылысы жүреді. 

Қазіргі таңда Талдықорған қаласының көшелерінде қысқы және жазғы күтім, жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату, жасанды төмпешіктер жасау, жол қозғалысын реттеу, шұңқырларды тегістеу сияқты жұмыстарды жүргізу ретімен іске асырылып жатыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Өткен айда 99 мың бос жұмыс орны жарияланды

Өткен айда 99 мың бос жұмыс орны жарияланды

11.03.2026
Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымырандық шабуылды айыптады

Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымырандық шабуылды айыптады

11.03.2026
Шекарашы арулар сынға түсті

Шекарашы арулар сынға түсті

11.03.2026
Журналистер мен белсенділердің парақшасына шабуыл жасалып жатыр

Журналистер мен белсенділердің парақшасына шабуыл жасалып жатыр

11.03.2026
Салық кодексіндегі өзгерістер: Үкімет қандай жеңілдіктерді талқылауда?

Салық кодексіндегі өзгерістер: Үкімет қандай жеңілдіктерді талқылауда?

11.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.