Өскеменде бұрынғы қала әкімі, кейіннен Шығыс Қазақстан облысының бірінші орынбасары болған Жақсылық Омарға қатысыт сот отырысы аяқталды. Сот оны алаяқтық пен пара алу қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сонымен қатар, экс-әкімнің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салу туралы үкім шығарды.
Ол жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.





