Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова мен 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Ырысжан Теңізбаева Жаркент қаласындағы №735 учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Дала аруы атанған Күләш апамыз еліміздегі саяси және қоғамдық маңызды оқиғалардан қалыс қалған емес. Қара жердің қадірін білетін Еңбек Ері заңымыздағы өзгерістерді жоғары бағалайтынын айтты.
– Конституцияда: «Жер және жер ресурстары халықтың меншігі» деді. Бұдан артық сөз бар ма? Біз жер жыртып, жүгері егіп осындай бақытты сәтке қол жеткіздік. Бірлік пен ырыс бар жерде әрдайым қуанышты сәттер бола бермек. Өзің үшін, ұрпағың үшін дауыс беру, еліміздің бастамасына ат салысу баршамыздың міндетіміз, – деді батыр ана.
Ал Ырысжан Теңізбаева бүгінгі жасаған таңдауым немерелерімнің болашағы дейді.
Ел құрметінe бөленген қос ақ жаулықты аналар өз таңдауларын жасағанын айтып, өзгелерді де осы саяси науқаннан шет қалмауға шақырды.





