Әлеуметтік желілерде соңғы күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетіне қатысты дау тудырған ақпарат тарады. Хабарламаларда «факультет деканы Қанат Әуесбай оқу орнының атынан берілетін сертификатқа жеке мөрін басты» деген мәлімдеме айтылған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жуырда университетте Жас тілшілер форумы өтті. Танымал журналист Жұлдыз Әбділдә әлеуметтік желіде форум қатысушыларына берілген сертификатқа университеттің немесе факультеттің мөрі емес, деканның жеке мөрі басылғанын жазды. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланды. Журналисттің жазуынша: «ҚазҰУ сияқты білдей университетте, атам заманнан келе жатқан Журналистика факультетінде мөр жоқ па сонда?»
Кейін факультет деканы Қанат Әуесбай қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады:
«Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай 2026 жылғы 1 сәуірде өз еркімен қызметтен кетті».





