Google компаниясы жасанды интеллектіге негізделген денсаулыққа қатысты кеңес беретін қызметін тоқтатты. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аталған сервис қолданушыларға денсаулық мәселелері бойынша кеңес ұсынып келген. Ұсыныстар науқастардың интернеттегі талқылаулары мен ұқсас ауру тарихтарын жинақтау негізінде берілген. Яғни, платформа түрлі пайдаланушылардың тәжірибесін біріктіріп, ортақ ақпарат ұсынған.
Алайда бірқатар ақпарат құралдары бұл қызметті сынға алып, мұндай кеңестер адамдарды қате емдеу тәсілдерін таңдауға итермелеуі мүмкін екенін айтқан.
Өз кезегінде компания өкілдері сервис арқылы пайдаланушыларға денсаулықты сақтау және емдеу бойынша тек сенімді мәліметтер ұсынылғанын мәлімдеді.





