Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және рухани әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды бастамалар қарқынды жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол жеткізді. Аталмыш бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру, сондай-ақ қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңды құрметтеу мен оны сақтаудың маңызын азаматтардың саналы түрде түсінуіне бағытталған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында орындалып жатыр.

Меморандум талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты бойынша өтетін «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қатысады. Алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқып, өз әсерлерімен бөлісіп, жоба шеңберіндегі зияткерлік іс-шараларға атсалысады. Марафонның мақсаты – тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау және мемлекеттік қызметшілер арасында үздіксіз өзін-өзі дамыту дағдысын орнықтыру. Жоба өз кезегінде жоғары тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 2025 жылы марафон пилоттық режимде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өткізіліп, түрлі жас санаты мен мамандықтағы 189 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері марафон жеңімпаздарының қатарынан көрінді. Қостанай облысы полиция департаменті штабының талдау, жоспарлау және бақылау бөлімінің бастығы Гүлзат Мұстафина II орынды иеленсе, Теміртау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Владимир Конев III орынға ие болды. Олардың жетістігі білімге ұмтылу мен үздіксіз даму мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екенін айқын көрсетті. Пилоттық кезеңнің табысты нәтижелері бастаманы республикалық деңгейде кеңейтуге және оған барлық мемлекеттік органдарды тартуға берік негіз қалады.

– Кітап оқу полиция қызметкерінің кәсіби және рухани дамуының маңызды негізі. Ол білімді жетілдіріп, ой-өрісті кеңейтеді, патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін нығайтады. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2024 жылдан бастап аталмыш бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Министрлікте және өңірлік департаменттерде арнайы кітапханалар ашылды. Полиция қызметкерлері кітап оқуға үлкен қызығушылық танытып, әр ай сайын жаңа шығармалармен танысып жүр. Сонымен қатар министрлікте жыл сайын детектив жанрындағы «Серт» конкурсы ұйымдастырылады. Үздік шығармалар кітап болып шығарылып, цифрлық кітапханаға енгізілуде, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.

Өз кезегінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков оқу мәдениетін дамыту жалпыұлттық маңызы бар міндет екенін атап өтті. Полиция қызметкерлерінің марафонға қатысуы заманауи мемлекеттік қызметшінің тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен бірге үнемі ізденісте жүретін тұлға екенін көрсететін жарқын үлгі болары сөзсіз. Аталған бастама қазақстандықтардың зияткерлік әлеуетін арттырып, оқу мәдениетін жаңа сатыға көтеруге зор үлес қосады. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жан-жақты қолдауымен іске асырылуда.

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.