Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

ҚАУІП-ҚАТЕРГЕ ҚАРАМАЙ, ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУҒАН ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

08.12.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
ҚАУІП-ҚАТЕРГЕ ҚАРАМАЙ, ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУҒАН ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Өзін қоя тұрып, өзгені ойлап, тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры талқыға түскен ағайынға қолда барын бөліп, қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биыл еріктілердің ерен еңбегіне бас иді. Халықаралық волонтерлар күніне орай Мемлекет басшысы онлайн режимде жиын өткізіп, еріктілердің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, үздіктерді марапаттады.Оған Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ та қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Жиынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда әуелі еліміздегі еріктілердің атқарған жұмыстарын көрсету мақсатында бейнеүзік көрсетілді.

Осыдан кейін әр сала бойынша жауапты қызмет атқарған еріктілер өздерінің жыл бойы істеген жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да қайырымдылық жасап, қайырын көрген дана халқымыздың сара жолын жалғайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ел Президентіне көкейінде жүрген ойлары мен ұсыныс-тілектерін айтты.

Жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы:

– Ең алдымен, барлық волонтерларға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздер қиын кезеңде еліміз үшін аса пайдалы, қажетті жұмысты атқардыңыздар. Ерен еңбектің арқасында пандемияны да еңсеріп келеміз. Еріктілеріміз ешқандай қауіп-қатерге қарамай, дәрігерлерге, әскери қызметшілерге, қарапайым азаматтарға көмектесті. Бұл — нағыз ерлік. Сендерді мақтан тұтамын. Еріктілер өте жақсы бастамалар көтерді. Барлығын қолдаймын. Әсіресе, қоғамдық бақылаушы және эковолонтер ретінде белсенді болғандарың қуантады. Мәселен, Богдан Петровтың экологиялық мәселе, Лилия Сәрсенованың құстарды қорғау бойынша айтқан ұсыныстарын толық қолдаймын. Осыдан тура бір жыл бұрын «Еріктілер жылын» ресми түрде ашқан болатынбыз. Міне, қазір соның жемісін көріп отырмыз. Бұл Елбасының бастамасымен өткен Жастар жылының жалғасы болды. Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік. Қауіпті дерт ел-жұрттың денсаулығын ғана емес, бекем бірлігін де сынға алды. Біз бір ел, бір халық болып бұл сынға төтеп бердік. Волонтерлар Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті, – деп ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы да еріктілерге қолдау білдіретінін айтты.

Осыдан кейін ілкімді істің ғұмырын ұзартқан еліміздің үздік еріктілері мен ұйымдары марапатталды. Алматы облысы бойынша «Жомарт жүрек» бөлімінің «Туған өлке» номинациясы бойынша Руслан Камердинов үздік деп танылды. Жеңімпазды облыс әкімі құттықтап, Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Шара соңында Амандық Ғаббасұлы:

– Коронавирус індеті өршіп тұрған уақытта елім деп қызмет етіп, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып жүрген еріктілердің ісі көпке үлгі. Облысымызда әлеуметтік жағынан төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға көмек қолын созып жатқан небір ұйым, қайырымдылық қорлары бар. Олар «Жомарттық – жанның байлығы», – деп жақсылық жасауға жарыса ұмтылып, барымен бөлісіп, ортақ мақсатқа жұмыла атсалысуда. Келесі жылы дарқан мінезді халқымыздың қанына сіңген қайырымдылық жұмыстары жалғаса береріне сенімім мол, – деп орынбасары Рустам Әлиұлына еріктілерге орталық ашып беруді, көлікпен және керекті жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша 3243 ерікті тіркелген. Ал жастар ісі жөніндегі комитет саны — 41, жастардың үкіметтік емес ұйымдар саны — 70, ерікті топтар саны — 37. Олар үшінші тоқсанда «Біз біргеміз» жобасы аясында 390, «Мейірімді Жетісу», «Ардагерлерді ардақтайық» атты 460 акция, COVID-19 вирусын алдын алуға арналған 236 және құқықтық тәрбие беру, терроризм және дін, жемқорлық тақырыптарына байланысты 78 іс-шара ұйымдастырған. Оған барлығы 3200-ден астам  ерікті қатысты. Қайырымдылық акциясы барысында 25196 бетперде таратылып, 1778 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Алматы облысы бойынша аудан, қалаларда «Мейірімді Жетісу» акциясы аясында 2752 шара ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы 9490 қайырымдылық акциясы өтті. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 26726 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Облыс еріктілерінің атсалысуымен бүгінгі күнде 78841 бетперде тұрғындарға таратылды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.