Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

25.10.2023
ІЗГІЛІК ІЗІ
БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін – ұлттық мереке Республика күні. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадам жасады. Дәл осы мерейлі мереке күні Жетісу жұртшылығы үшін қуаныш пен бақытқа толы болды. Мереке таңында талдықорғандық бір топ тұрғын баспаналы болды.  Қуаныш иелерін облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы құттықтап, пәтер кілтін табыс етті.

 «EuroTranzit Terminal» ЖШС бастамасымен бой көтерген көпқабатты тұрғын үй құрылысына көпшілік дән риза. Сапалы салынған 60 пәтерлі тұрғын үйде бір бөлмелі 15, екі бөлмелі 15 және үш бөлмелі 30 пәтер бар. Пәтерлердің жалпы ауданы 3458,55 шаршы метр болса, тұрғын үйдің ауданы 5324,51 шаршы метрді құрайды. Баспана «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға берілді. Олардың қатарында толық емес, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және материалдық жағдайы қиын отбасылар бар.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев «EuroTranzit Terminal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен салынған пәтер кілттерін иелеріне табыстап, көпшілікті мерекемен құттықтады. Облыс басшысының айтуынша, биыл облыста 2 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болады. Сонымен қатар, халықты баспанамен қамтамасыз ету арқылы 3-4 жылдан кейін тұрғын үй кезегі 50%-ға қысқартылады.

– Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сол арқылы тұрмыс сапасын жақсарту – Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бізге берген басты әрі нақты міндеттерінің бірі.  Сондықтан да, әрбір азаматтың жайлы өмір сүруі үшін біз барлық жағдайды жасауға міндеттіміз. Соңғы жылдары Талдықорған қаласында баспана мәселесі белең алғаны рас. Жағдайды жақсарту үшін барлық шараларды қолдандық. Өкінішке орай, біздің облыста ғана емес, елімізде азаматтардың мемлекеттік қордан баспана алуы үшін 15-20 жыл кезекте тұруы заңсыз әрі әділетсіз. Бұл біздің тарапымызданк еткен үлкен кінә. Сол үшін халықтан кешірім сұраймын. Қазіргі таңда біз электронды кезекті енгізудің арқасында әділдік пен жариялылық принципін қатаң сақтай отырып, пәтер бөлуде ашықтықты қамтамасыз етіп келеміз. Осы міндетті орындау мақсатында өткен тоғыз айда облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 198,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс бойынша 1100-ге жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оның 145 көп балалы, 158 әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Ал жыл соңына дейін облыста 322 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Жыл басында меценаттардың көмегімен 60 пәтерлі бір үй берілсе, бүгін мерекеде 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған азаматтардың қуанышына бұйырды. Алдағы уақытта тағы да 60 пәтерлі бір үй халық игілігіне берілетін болады. Демеушілердің арқасында өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрған адам тегін үйге ие болады. 60 пәтерлі тұрғын үйді салған демеуші компания «Евротранзит Терминал» ЖШС мен «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдеріне алғысымды білдіремін. Бұл баспана әрбір отбасыға берекелі, шуақты болсын! Барша жетісулық тұрғынды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шаңырақтарыңызда береке болсын, – деді Бейбіт Исабаев

Әрбір жанға қуаныш сыйлаған бұл  жаңа үйдің жанында келер жылы салынатын үлкен балалар алаңы үшін де орын бар. «Евротранзит Терминал» ЖШС директорының орынбасары Сергей Гордиенко да жаңа тұрғындарды құттықтап, компания үнемі әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысатынын айтты. Талдықорған қаласы әкімдігімен жасалған меморандум нәтижесінде тегін берілген баспана әрбір жанның ертеңгі күніне үзілмес үміт сыйласын деген ақ тілегін жеткізді.

2017 жылы ресми түрде құрылған «Харекет» қайырымдылық қоры өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға, үй-күйсіз жүрген, ата-анасынан айырылған балаларға, қарттарға, жалғызбасты аналарға көмектесіп келеді. Бүгінгі қуаныш та соның айқын дәлелі. Қор атынан Мадияр Серікбаев сөз сөйлеп, 6 жылдың ішінде қор мұқтаж жандарға 1000-нан астам пәтер бергенін тілге тиек етті. Аталған қордың қолдауымен Жетісу облысында барлығы 182 отбасы пәтер кілтін алған. 

– Шаңырақ көтергенімізге 20 жыл болды. Тұрғын үй кезегінде 12 жыл тұрдым. Жолдасым екеуміз 7 бала тәрбиелеп отырмыз. Үлкен қызым 18 жаста болса, кенжем небәрі 5 айлық. Жолдасым жұмыс істейді. Мен бала күтіміне байланысты үйдемін. Баспана алуға мүмкіндік болмай, осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Біраз қиналдық. Балаларға да оңай болмады. Қазір пәтер ақы да қымбаттап кетті. Жасыратыны жоқ, тамақ алсақ киімге, киім алсақ асқа табыс жетпей қалады. Бірақ балаларымыз несібесіз қалған емес. Оған да шүкір. Міне, бүгін ел ағаларының қамқорлығының арқасында 3 бөлмелі пәтерге ие болдық. Бұл – отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай жақсылықтың шарапатын қиналып жүрген әрбір отбасы көрсе деп тілеймін. Ел Президентіне, облыс, қала басшыларына, жеке кәсіпкерлерге тегін үй бергендері үшін аналық жүрегіммен алғыс айтамын, — дейді көпбалалы ана Әлия Тазабекова.

 

         Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, көңілі құлазыған жанның жанына қуаныш нұрын сыйлаған текті қазақтың ұрпағы дәл ұлттық мереке күні бауырмалдықтың, жанашырлықтың айқын дәлелін көрсетті. Мерекелік шара «Жастар» саябағында Ту көтеру рәсімімен жалғасты.

Батыр бабаларымыз сын сағатта бір тудың астына жиналып ауызбірлік танытқан. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртының ұйытқысы болса, Абылай ханның ақ туы исі қазақты біріктіргенін ұмыту мүмкін емес. Алаш туы  сан мың боздақтың рухын оятқан. Бабалардың сара жолы бейбіт күнде де жалғасын тапты. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағындағы Ту көтеру рәсімі соның дәлелі.

Ту көтеру рәсіміне облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ пен қала тұрғындары арнайы қатысты. Бейбіт аспан астында еліміздің Гимні шырқалып, көк туымыз зеңгір аспан төсінде желбіреді.

Салтанатты жиында Д. Рақышев атындағы Жетісу филармониясы мен Талдықорған әуендері ансамбілінің әншілері ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Осылайша, жетісулықтар үшін сәрсенбі сәтті, берекелі күн болды. 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Суретті түсірген: Жеңіс ЫСҚАБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

«Қазақстан болмағанда». Рыбакина жөнінде

«Қазақстан болмағанда». Рыбакина жөнінде

10.02.2026
Қуанышты хабар: Қандастардың зейнетақы мәселесі оң шешімін тапты

Қуанышты хабар: Қандастардың зейнетақы мәселесі оң шешімін тапты

10.02.2026
Төтенше жағдайлар қызметкері халықаралық турнирде топ жарды

Төтенше жағдайлар қызметкері халықаралық турнирде топ жарды

10.02.2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін кімдер өнер көрсетеді?

Қысқы Олимпиада: Бүгін кімдер өнер көрсетеді?

10.02.2026
Тәжік – Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл

Тәжік – Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.