Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

«БАСЫНДА БІЛГЕН ЖОҚПЫЗ»: МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛАДЫ

27.05.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
"БАСЫНДА БІЛГЕН ЖОҚПЫЗ": МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдында берген есебінде өңірді газдандырудағы жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді де жұрт назарына ұсына келіп: «2020 жыл біздің облыс үшін газдандыру жылы. Қазіргі уақытта облыстағы 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4 пайызды құрады. Талдықорған қаласының қалаішілік желілерінің құрылысы аяқталуда, тоғыз мыңнан астам абонент газға қосылған. Биыл көгілдір отынға халықтың 56 пайызы қол жеткізе алады», – деген еді.

Облыс басшысы жұмыс бабымен өңірлерге шыққан кезде тұрғындардан табиғи газға қосылу құнының қымбаттығы туралы реніштердің көп айтылатынын де жасырып қалған жоқ. Бұл мәселені шешу үшін газдандыру жұмысына инвесторларды тартып, жоспарды тез әрі сапалы орындаумен қатар бәсекелестікті арттыру арқылы газға қосылу құнын төмендетудің жолдарын да көрсеткен болатын.

Осы тұста аймақ тұрғындарының табиғи газға қосылуын қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жұмысын ерекше атап кеткен жөн. Компания төтенше жағдай тұсында да барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қабылдай отырып, штаттық режимде жұмыс істеді. Қауіп-қатердің алдын алу үшін жедел штаб құрылды және қызметкерлердің біразы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды. Жетісулықтардың: «Табиғи газға тезірек қосылсақ» деген тілегін орындауға тырысқан акционерлік қоғамның Жетісу өндірістік филиалының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде карантин тәртібін сақтай отырып, облыстың қалалары мен ауылдарындағы үйлерге газ тарту жұмысын тоқтатқан жоқ.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Жайық Әлішев кәсіпорын қашықтан жұмыс істеуге ауысқан тұста да интернет арқылы техникалық шарттарды алуға, есептегіштердің көрсеткіштерін алып тастауға және беруге, газ компаниясының қызметіне ақы төлеуге қатысты жұмыстардың үзіліссіз жүргізілгенін тілге тиек етті. Кейбір жағдайда компания қызметкерлері тұрғындарға телефон арқылы кеңес беріп, қажеттіліктерін шешіп отырды. Апаттық жағдайды болдырмау үшін арнайы бригада жасақталып, тәулік бойы кезекшілікте жұмыс атқаруда.

Бүгінде Талдықорған қаласының маңындағы елді мекендердегі жеке тұрғын үйлерді табиғи газ желісіне қосу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен, төтенше жағдайға байланысты экономикалық жағынан қиындық көрген халықтың жағдайы бұл орайдағы жұмыстың қалыпты жүруіне кедергі келтіргені анық.

Осы жағдайды ескерген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы отбасылық жағдайы төмен, мүгедек, көпбалалы, жалғызбасты зейнеткер отбасыларға көмек қолын созып, олардың үйін газ желісіне тегін қосып беруді қолға алды. Осындай игілікті іс пен алғаусыз көмекке ризашылығын білдіріп жатқандар көп.

– Мен «КазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалына ерекше алғысымды жеткізгім келеді. Аталған компанияның аймағымызды газдандыру жұмысымен айналысатынын естіп жүрсем де олардың жағдайы төмен отбасылардың үйін газ желісіне тегін қосып беретінін басында білген жоқпын. Үйге газ қосу туралы өтінішімді телефон арқылы жеткізіп, жағдайымды айтып едім, олар жағдайымды сұрастыра келе газ желісіне тегін қосып беруге көмектесетінін жеткізді. Ертесінде компанияның қызметкерлері келіп, газ қосылатын үйдің картасын сызып кетті. Оның ертесі дәнекерлеуші жігіттер келді де, үш жылдан бері армандап жүрген ісімізді үш-ақ күннің ішінде жүзеге асырды, – дейді бірінші топтағы мүгедек, Есетов көшесіндегі 1″А» үй, 1-пәтер тұрғыны Тоқтарбек Әділбеков.

– Мен тұрғындардың табиғи газға қосылу мәселесіне қолдау танытқан «ҚазТрансГаз Аймақ» басшылығына ризашылығымды білдіремін. Табиғи газға қосылып, оның игілігін көріп жатқандар қатарының көбейіп келе жатқанына қуанамын. Міне, біз де сол қатарға қосылдық. Жұмыс батыл бағыт, жүйелі жоспар арқылы жүзеге асады. Басқа саланы айтпасам да газдандыру жұмысы облыс басшысының тікелей қадағалауымен нәтижелі жүргізілуде, – дейді Еркін ауылы, Құрманғазы көшесіндегі 17 үйдің тұрғыны, зейнеткер, «Алтын алқа» иегері Әуесхан Мажайқызы.

– «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы қызметкерлерінің жұмыстағы жауапкершілігі мен газ желісін тартумен айналысатын мамандардың шеберлігін атап айтқым келеді. Менің үйіме газ желісін тартып берген жұмысшылар барлық жұмысты сапалы жасап шықты, – дейді «Шығыс» шағынауданы, Шадрин көшесіндегі 22 үйдің тұрғыны Василий Сочинский.

Осындай алғысқа толы лебіздерін Қойшығұлов пен Хабибуев, Бегімжановтардың отбасы мүшелері де білдірді. Алдағы уақытта бұл тізімнің ұзара түсері анық.  Өндірістік филиалдың бас маманы Аслан Төлеутаев өз қаражатымен газ желісіне қосылып жатқандар қатарының да арта түскенін жеткізді.

Ең бастысы, мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетіп, олардың алғысын алғаннан үлкен қуаныш жоқ шығар?! Әсіресе, індет тарап, жұртты алаңдата бастаған тұста көрсетілген көмектің маңызы зор.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

09.02.2026
Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

09.02.2026
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

09.02.2026
Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

09.02.2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.