Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Бәрекелді! Белгілі кәсіпкер «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне ат мінгізді

23.11.2023
ІЗГІЛІК ІЗІ
Бәрекелді! Белгілі кәсіпкер "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссеріне ат мінгізді
WhatsAppTelegramFacebook

Танымал кәсіпкер Дулат Тастекей «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссері Мұрат Есжанға ат мінгізді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

7К: «Қандай құрметке де лайық»: Белгілі мецанат ұлтқа еңбегі сіңген екі бірдей қазаққа темір тұлпар мінгізді

Бұндай жан сүйінетін жаңалықты Мұрат Есжанның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Алматы көшелерінен ақбоз атқа мінген адам көріп қап жатсаңыздар, ол — менмін. Белгілі кәсіпкер, меценат, өнер жанашыры Дулат Тастекей ағамыз «ағаның ініге разылығы, қазақшылық жолы» деп астыма ат мінгізді. Ол атты құр ауызбен атай салмай, Алматының қақ төріне алдырып, Достық көшесіндегі тарихи мектепте тақымыма тигізді. Дулат аға екеуміз бір шаңырақтың, жаңағы тарихи мектеп — Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернаттың түлегіміз. Біз оқығанда №2 деп аталатын, қазір Абай атамыздың атында. Бұл кісі — бізден бірер буын ілгергі шәкірт. Мектепке біз түскенде өздері болмағанмен, аттары аңыздай айтылатын мықты түлектердің бірі еді. Қазір де қара шаңырақтан кіндігін үзбей, «Ұшқан ұя» атты түлектер қорын құрып, бір жағы мектепке, оқушыларға қамқорлық қып, бір жағы түлектерді ұйыстырып, талай игі іске мұрындық болып жүр. Дулат ағамыз басқаратын «Асылтас» қорының бұған дейін де шарапаты тиіп еді. Бір топ әдебиет, өнер, ғылым өкілдеріне стипендия тағайындап, соның біріне біз де ие болғанбыз. Енді мынау «ат мінгізу» салтын ерекше тұрпатты, астарлы мәнді таралғы деп қабылдадық. «Ылайым аттан түспе!», «ат үстінде атқарар шаруаң көп болсын!» деген игі тілекке баладық. Өзі де ат үстінде жүрген азаматқа мың алғыс! Сондай-ақ, шараны ұйымдастырған «Ұшқан ұя» бірлестігіндегі барлық мектептестерге, бірлестік төрағасы Айбек Шегебай інімізге де ризашылық білдіремін. Мектебіміз өркендей берсін!» — деп жазды ол.

Бұл қуанышты жайтқа байланысты осы мектептің түлегі Дулат Тастекей режиссерге тұлпарды «Ұшқан ұя» түлектер қауымдастығының атынан табыстағанын айтқан. 

 «Мұрат Есжан мектепке деген сағынышын, жылуын, құрметін аяп жатқан жоқ. Бұл осында отырған кейінгі буынға үлгі боларлық іс екені анық. Сондықтан қазақи салттан айтымай артымыздан ерген ініге ақбоз ат мінгізу парызымыз», – деді Дулат Тұрсынұлы.  

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Сырымбек Тау «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік сыйлағанын хабарлағанбыз.

Фото: ашық дереккөзден өңделіп алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.