Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Еңбегі жанған инженер

27.04.2025
ІЗГІЛІК ІЗІ
Еңбегі жанған инженер
WhatsAppTelegramFacebook

Ел ішінде адал өмір сүріп, халық игілігі үшін еңбектенген азамат көп. Олар қандай марапатқа, алғысқа да лайықты. Сондай азаматтың бірі – биыл 75 деген мерейлі жасқа келіп отырған Самат Мырзахметұлы. 

Саматтың әкесі Мырзахмет Тоқбайұлы мен анасы Бегіміш Ауғанбайқызы да елге сыйлы, ортасына беделді болды. Ынтымағы жарасқан отбасы Аман, Аманқұл, Жаманқұл, Жақсықұл және Сәрсен есімді 5 ұл тәрбиеледі. Самат осы отбасының төртінші ұлы, азан шақырып қойған есімі Жақсықұл болатын. Ағайын-туыстары Жақсытай деп еркелетсе, зайыбы  Майра жан серігін Самат деп атайды. Сонымен еңбек ұжымы мен дос-жарандары Самат атап кеткен.

Ел-жұртына Самат есімімен танылған Жақсықұл көпбалалы отбасында өскендіктен де жастайынан еңбекке араласып, елгезектікке, тындырымдылыққа үйренді. Тереңөзек ауылындағы сегізжылдық мектепті бітірген соң 3-4 шақырым қашықтықтағы Ақыртөбе стансысындағы орта мектепке жаяу-жалпылы барып-келіп оқиды. Орта мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түсуге тұрмыстық жағдайы жар бермей әкесі жұмыс істеген Жамбыл атындағы ұжымшарға барып, механизатор болып жұмысқа орналасады. Шаруашылықта бір жыл істеп, азды-көпті қаражат қорын жиыстырып, анасы Бегіміштің батасын алып кеңшардың жолдамасымен Жамбыл қаласындағы инженерлік-технологиялық институтына құжаттарын тапсырады. Емтихандардан сүрінбей өтіп, оқу орнының инженер-экономист факультетінің студенттері қатарына ілігеді.

Институтты үздік бітірген жас маманға Талдықорған қаласындағы ауыл құрылысы тресіне қызметке баруға жолдама беріледі. Мұнда инженер-экономист болып қызметке орналасады. Жұмысқа кіріскен жас маман алмас қылыштай жарқылдап, еңбек майданына білек сыбана араласады. Кәсібін жетілдіріп, білмегенін үйренуге ынта-ықыласпен ден қояды. Өндірістік ұжымның ілгері басып, экономикасының өркендеуіне, ауқымды құрылыс тресінің сан салалы тармақтарын материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталуына ерекше назар аударып, табандылықпен еңбек етеді. 

Құрылыс тресінің сан қилы шаруасына да жете қанығады. Қай істі болмасын тындырымды атқаратын Самат басшылардың да көзіне түседі. Біртіндеп қызмет баспалдағының сатылары жоғарылап, сараптамалық- экономикалық бөлімінің басшысы болады. Осы тұста жастар арасындағы ұйымдастырушылық қабілетінің ұтқырлығымен көзге іліккен Самат Мырзахметұлын Талдықорған қалалық комсомол комитетіне жұмысқа шақырады. Бірақ трест басшысы: «Сендей маман өзімізге де керек, өндірістің өзекті мәселесін өзінше шешуге қабілет-бейімі бар кадрды уыстан шығармаймыз» деп арнайы шақырған жерге жібермей, треске қарасты Талдықорған өндірістік-технологиялық жабдықтау кәсіпорнының басшысы етіп тағайындайды. Одан кейін ауыл құрылысы тресі басқарушысының орынбасарлығының тізгінін ұстайды. Үш трест бір мекемеге біріктіріліп, бірлестік құрылып, ірілендірілген тұста бірлестік бастығының орынбасары міндетін атқарады. Ауылшаруашылығы саласын техникамен, басқа да құрал-жабдықпен, қосалқы бөлшекпен қамтамасыз ететін іргелі мекемеде де өз біліктілігін іс үстінде сынап, бастықтың оң қанаты бола біледі. Еңбекте ысылып, тәжірибесі толысқан шақта, яғни 1992 жылы  Талдықорған темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың бас директоры болып тағайындалғаннан бері осы өндіріс орнында табан аудармай тұрақты еңбек етіп келеді. 

Самат Мырзахметұлының қоғамға қосқан үлесі де қомақты. Атап айтқанда, Шаған тауының өр биігіне салынған теледидар мұнарасының құрылысы өте күрделі нысанның бірі. Бұл құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар мен әртүрлі қондырғы республикалық, одақтық дәрежедегі зауыттардан алуға тура келетін. Соларды іздестіріп, келісіп, өзара шарт жасап, тау басына жеткізуде де Самат Мырзахметұлы аянбай-ақ маңдай терін төккені анық. Сол телемұнара әлі күнге дейін ел игілігіне жұмыс істеп тұр. Сарқанның Қарабөгетінде, Қаратал ауданындағы «Бірінші Май» кеңшарында ірі қара малын өсіретін күрделі кешендер салуға да белсене қатысты. 

Талдықорған қаласындағы ірі панельді үй құрылысы зауытын іске қосуға сіңірген еңбегі де елеулі. Бұлардан басқа мектептер мен балабақшалар, тұрғын үй ғимараттарында да Саматтың қолтаңбасы тайға таңба басқандай нақышталған.

«Саламатты өмір – денсаулықтың кепілі» деген қағиданы берік ұстаған Самат спортты жанындай жақсы көреді. Алматы облысының  спорт саласын дамытуға қoсқан үлесі қомақты. 2018 жылдан бастап  облыстың бильярд спортының дамуына үлкен үлес қосып, облыстық бильярд спорты федерациясының құрылуына тікелей атсалысты. 2022 жылдан бері Жетісу облысы бойынша бильярд спортының  ардагерлер   командасының  капитаны міндетін абыройлы атқарып келеді. 2023 жылы  Қазақстан Республикасы  ардагер Бильярдшылар  одағы  ресми түрде құрылып, Самат  Мырзахметұлы  осы  одақтың  төрағасы болып сайланады.

Самат Мырзахметовтың көп жылғы қажырлы қайратымен атқарған жемісті еңбегі  жоғары бағаланып жүр.  Ол «Құрмет» орденінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, ҚР Құрметті құрылысшысы атанған. 

Самат пен Майра  тағдыр қосып, жұбайлық жарастық тапқалы отбасының берекесі артып, көгеріп-көктеп, ұл мен қыз тәрбиелеген әке мен ана атанды. Тұңғыш перзенті Айдар, сүйікті қызы Гүлнәр, кенже ұлы Қайрат оқуда да, қызметте де қатарластарының алды бола жүріп, талай биіктерді бағындырып, лауазымды қызметтер атқаруда. Бүгінде ынтымағы жарасқан Самат пен Майра мәуелі бәйтеректің саясы іспеттес. Тоғыз немеренің атасы мен әз әжесі. «Ұрпағымыз өссе, солардың қызығын көрсек, немерелер сүйсек» деген асыл арманы орындалып, шаңырақ шаттығының нұрлы шуағының көбейгендігіне шүкіршілік айтып, ықылас-ниетін  білдіріп отырған несібесі  мен ырыс-құты толысқан, береке ұялаған отбасының ұйытқысы. 

Әли ЫСҚАБАЙ
ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.