Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Еңбегіне ел сүйінген азамат

Ержетіп, жілік майы толысқан шағынан туып-өскен жерінен табан аудармай құрылыс саласында еңбек етіп, өз ісінің майталман маманы атанған Жаркент қаласының тұрғыны Марат Омарұлы Жүнісовті жазиралы Жаркент өңірінің жұрты жақсы біледі. Құрылыс саласында қырық жылдан астам қызмет атқарып, Панфилов ауданының әлеумет- тік – экономикалық өсіп өркендеуіне, өңірдегі құрылыс индустриясының қарқынды дамуына сүбелі үлесін қосқан ардагердің замандастары арасында беделі үстем. Бұл оған ел-жұртының қажымас қайрат, адал еңбек, білімі мен білігіне көрсеткен құрметі.

24.07.2025
ІЗГІЛІК ІЗІ
Еңбегіне ел сүйінген азамат
WhatsAppTelegramFacebook

«Панфилов ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» атағының, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері Марат Жүнісов 1954 жылы 9 наурызда Жаркент өңірінің Еңбекші ауылында дүниеге келген.

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, орта мектепте өте жақсы оқыған Мараттың құрылысшы болам деген ниетін ата-ана, ағайын-туыс түгел қолдады. Сөйтіп ол 1971 жылы Ақсу құрылыс техникумына оқуға түсіп, 1974 жылы арнаулы оқу орнын «Өндіріс және азаматтық құрылыс шебері» мамандығы бойынша тамамдады. Бастаған ісінен бір нәтиже шығармай тынбайтын, мақсаты жоғары Марат Омарұлы алғашқы еңбек жолын Жаркент қаласындағы №2309 жылжымалы механикаландырылған колоннада құрылыс инженері болып бастады.

Сол жылы әскер қатарына шақырылып, екі жыл мерзімде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң 1976 жылы мамыр айынан бастап өзінің құрылыс саласындағы еңбек жолын жалғастырды. Тапсырылған істі тиянақты атқаратын, білімі мен білігін тынбай жетілдіріп жүретін жас жігіттің ұжымдағы беделі ай санап арта түсті. Талап пен талпыныс кез келген істі жауапты атқаруға жетеледі. Жас жігіттің бойындағы осы қасиеттері еңбектестерінің оған деген сенімін шыңдап, құрметін еселей түсті.

Өскен өңірдегі құрылыс ұйымдарында үзбей еңбек ете жүріп, білімін жетілдіруге талаптанды. Сөйтіп 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Ауыл шаруашылығы құрылысы» мамандығы бойынша сырттай оқып бітіріп, жоғары білімді құрылыс инженері атанды. Аз ғана уақыт аралығында өз ісінің шебері, білікті ұйымдастырушы дәрежесіне жеткен Марат Омарұлы №2309, №31 ЖМК, №77 ЖМК құрылыс мекемелерінде шебер, прораб, бас инженер, құрылыс ұйымының басшысы, «Панфилов колхозқұрылыс тресі» басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері лауазымдарын абыроймен атқарды. Одан кейін 10 000 текшеметрлік темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның, жылына 10 миллион кірпіш шығаратын зауыт, кен өндіретін карьері бар, қиыршық тас өндіретін «Құрылыс индустриясы» бірлестігінің бас директоры лауазымына тағайындалды. Құрылыс, сантехникалық, электромонтаж және гидротехникалық қызметтер атқаратын шаруашылық серіктестігіне басшылық ете жүріп, осы өндіріс орындарының құрылыс жұмыстарының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосты.

Қайда жұмыс істесе де білімі мен біліктілігін, өмірден жинақтаған мол тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған қызметті абыроймен атқарды.

Нарық, заман талабы оны кәсіпкерлікпен шұғылдануға итермеледі. Жанына топтасқан білікті мамандары мен құрышқолды құрылысшыларын тағдыр тәлкегіне салмай «Құрылысшы-М» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, кәсібін жалғастырды. Құрылыс саласындағы көпжылдық тәжірибесі жаңа кәсіпорынға қажетті құрал жабдықтар, техника қажеттігін алға тартып, бірден қолға алды. Керекті деген барлық техниканы алып, құрылыс базасының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай туғызды.

Іс барысында құрылыс жұмыстарын бас жобаға сәйкес заң шеңберінде, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып сапаға аса мән берді. Қолға алған құрылыс нысанын сапалы салып, белгіленген уақытта пайдалануға беру мамандардың жауапкершілігіне тапсырылатын. Сол серіктестіктің абыройын асқақтатып, мерейін өсірген мамандар қатарында Владимир Дондиков, Зейнеп Садирова, Ардақ Қасымханов, Тельман Исламов, Бақыт Қожамбеков, Мухамеджүсіп Мақпиров сияқты үздіктер еңбек етеді.

Осы орайда әр басқан қадамында бір ізгілік пен тыңғылықты тындырылған іс жататын Марат Жүнісовтың еңбек жолын саралап көрелік. Ол 1994-2002 жылдар аралығында «Еңбек» АҚ президенті, 2002-2004 жылдары «Құрылысшы – М» ЖШС директоры, 2014-2015 жылдары «PSI Story industriya» ЖШС директорының орынбасары, 2015-2016 жылдары Панфилов аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарып, аудандық әкімдіктен зейнеткерлік демалысқа шықты.

Ол аудандық құрылыс бөлімін басқарған тұста өңірдің құрылыс саласында үлкен жобалар жүзеге асты. Ауданға табиғи газ желісі тартылып, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алды. Өңірдегі көптеген көне әлеуметтік ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше жаңа мектептер мен ауылдық амбулаториялар салынды. Бұл жұмыстарды бүгін тілге тиек етіп айту оңай болғанымен сол кезеңдегі күрделі жағдайларға байланысты оларды іс жүзінде асыру қаншалықты қиын соққаны айтпаса да түсінікті. Өңірге қажет нысандарға қаражат бөлгізу үшін облысқа сұраныс жасау, жобаларды бірден қолдау табатындай етіп тыңғылықты түзу, міндеттелген тапсырмаларды уақытылы орындау сияқты сырт көзге білінбейтін іс-шараларды аса іскерлікпен атқарды.

Ол басқаратын «Құрылысшы – М» ЖШС ұжымы әртүрлі құрылыс нысандарын салып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Солардың бірқатарын атап айтсақ: – Қорғас кеденіндегі «Қазақстан – Гонконг» бірлескен кәсіпорнының «Баж салығынсыз сауда дүкенінің», Жаркент қаласындағы ипотекалық, арендалық тұрғын үйлердің, Ават, Керімағаш ауылдарындағы 180 орынды мектептердің құрылысын, Басқұншы ауылындағы Крылов атындағы, Қорғас, Үшарал ауылдарындағы орта мектептердің, Жаркент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын, Қоңырөлең, Еңбекші ауылдарындағы Мәдениет үйлерінің, Үшарал ауылындағы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың күрделі жөндеуден өткізіп, қайта пайдалануға берді. Бұдан басқа да Марат Жүнісовтың қолтаңбасы қалған құрылыстар аз емес.

Бизнес саласы бойынша облыста жоғары рейтингтен көрініп жүрген «Құрылыс- шы – М» ЖШС-нің басшысы Марат Омарұлы құрылыс саласына, азаматтық қоғамның қалыптасуына сіңірген еңбегі үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатын бірнеше мәрте, Құрмет грамоталарын және 2017 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанында Панфилов ауданы әкімінің Құттықтау хатын алып, сонымен қатар, әр жылдарда облыс, аудан әкімдерінің Мақтау қағаздарымен марапатталған.

Ес біліп азамат атанғалы туған жері жазиралы Жаркент өңірінде күні бүгінге дейін жерлестеріне қалтқысыз қызмет етіп, аудан, облыс экономикасының өсіп-өркендеуіне үлесін қосып келе жатқан табысты кәсіпкер, парасат-пайымында кемелдік пен кісілік келбеті толысқан ел ағасы Марат Омарұлы әрқашан табысының бір бөлігін қайырымдылық шараларына жұмсап келеді.

Саналы адам баласының қасиетті үш парызы – шөлде құдық қазу, өткел бермес өзенге көпір салу, жапанға ағаш егу болса, ол осы парыздарының біразын жүзеге асырып, елінің игілігіне еңбек етіп келе жатқан, саналы өмір сүрудің үлгі-өнегесін көрсетіп жүрген жан.

Аудан құрылысының тарихына есімі алтын әріппен жазылған Марат Жүнісов айрандай ұйыған отбасының отағасы. Жары Ырысбүбі Қазыққызы екеуі екі ұл, екі қызды өмірге әкеліп, бәрін ибалы, инабатты азаматтар етіп тәрбиелеп, жоғары білім әперіп қатарға қосты. Балаларының үлкені Сәуле ұстаз, Жаркент қаласындағы педагогикалық, гуманитарлық колледжде оқытушы. Ерболы Ақтау қаласында тұрады, кәсіпкер. Олардан кейінгі Қуаты мен кенже қызы Зәуре де Алматыда кәсіпкер. Бәрінің отбасы бар. Балаларынан 8 немере сүйген ата.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.