Айнабұлақ ауылының әкімі Мәулен Бәзілов бастаған жергілікті әкімдік пен мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал топтағы 30 отбасыға 1 миллион теңгеге қайырымдылық жасалды. Бұл игі шараға Рамазановтар әулеті қаржылай демеушілік көрсетті.
Қайырымдылық жасағанның қарымы мен сауабы мол болатынын жақсы білетін Рамазановтар әулеті мол сауапқа кенелді. Қайырымды жандардың демеушілігімен берілген ауылдағы тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік, ұн, қант, шай, май, кеспе және шикі ет түрінде таратылды.
Жақыннан көмектесіп, қуаныш пен ризашылыққа бөлеп жатқан ауыл азаматтары Қанағат пен Мақсат Рамазановтарға шын ыстық ықыласымен алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.
Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Бұл – өз кезегінде өзге адамдарға үлгі ғана емес, жомарт жүректі азаматтардың ортамызда жүргенінің айғағы.
Меруерт РАХМИШОВА
Көксу ауданы





