Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

ЖЕТІСУ КӘСІПКЕРЛЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРАБЫН ТАРАТТЫ

13.08.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
ЖЕТІСУ КӘСІПКЕРЛЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРАБЫН ТАРАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында кәсіпкерлер мен еріктілер «Жақсылық жаршысы» ауқымды акциясын өткізді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен акция осы жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған болатын. Марафон халықтың әлеуметтік осал топтарына және пандемиямен күресіп жатқан медициналық ұйымдарға қолдау көрсетуге бағытталған.

Алматы облысының бизнес қауымдастығына акция эстафетасын жалғастыруды Ақтөбе облысы жолдаған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында белгілі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер, еріктілер мен белсенділер аймақтың аз қамтылған отбасыларына арналған 200 азық-түлік қорабын жинады.

Азық-түлік жинағын әзірлеуге «Алматы бояулары» ЖШС, «ТФ Ажар» ЖШС, «Беркүт» ЖШС, «ЧОШ «Дана» ЖШС, «A.Rich» ЖШС, «Ирада Балык» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар қолдау көрсетті.

— Акцияға қатысып жатқан кәсіпкерлерге, пандемиямен күресуге өз үлестерін қосып жатқан барша азаматтарға алғыс білдіргім келеді. Біз бір-біріміздің қолдауымызды сезінуіміз үшін барлығын жасап жатырмыз. Менің ойымша, біздің халқымызға мейірімділік, елгезектік пен тектілік тән. Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің жағдайы мәз емес. Алайда уақытша қиындықтарға қарамастан, олар мұқтаж адамдарға дәрі-дәрмектермен, қажетті медициналық жабдықтармен және тағы басқалармен көмектесіп келеді, — дейді белгілі меценат, Алматы облысы іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықова.

«Жақсылық жаршысын» қолдағандар қатарында кәсіпкерлер Жанатбек Сарғалдақов, Маржан Ахмеджанова, Руслан Турванов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалының директоры Гүлмира Ахметова, «Асар» оңалту орталығының жетекшісі Елдос Баялышбаев, «Горец» ансамблінің жетекшісі Аслан Хаджаев, журналистер Айтақын Бұлғақов, Самал Қабышева мен Қуаныш Серікханов, Ғылыми зерттеулер нәтижесін коммерциялау кеңсесінің директоры Дамир Дигай, «Lider.kz» еріктілер қозғалысы бар.

— «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен игі іс ұйымдастырылып жатыр. Отбасыларға арнап азық-түлік жинадық. Бұл қорапта әр отбасыға ең қажетті азық-түлік бар. Осы қорап аз да болса көмек болады деген сенімдемін. Бастысы, бірге болайық, бар болайық, аман болайық, — дейді журналист Самал Қабышева.

— Бұл акцияның идеясы кәсіпкерлер мен қоғамды біріктіріп, проблемаға қарсы тұру болып табылады. Қайғы орын алса, бүкіл ел өз еркімен бірігіп, жұмылған жұдырық көрсетуі тиіс. Сондықтан, бізге осындай жобалар қажет. Мен осы жақсылық адамдардың бір-біріне көмектесуге, жақсылық жасауға, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге ынталандыруға себеп болса деп тілеймін, — деді Алматы облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулин.

Өз кезегінде акция ұйымдастырушылары «Жақсылық жаршысы» эстафетасын Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына жолдады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.