Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акциялар жалғасуда

06.09.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акциялар жалғасуда
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 180 мыңға жуық адам атсалысып, түрлі тазалық шараларына қатысты. 

6 қыркүйек күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Панфилов ауданындағы жеке кәсіпкерлердің бастауымен «Таза кәсіп — Таза аймақ» атты экологиялық шара және жас спортшылардың қатысуымен «ЭкоLIFE» спорттық шарасы өтті. Шараға аудан кәсіпкерлері, белсенді жастар, жас спортшылар және «Жасыл ел» еңбек жасақшылары қатысты. Кәсіпкерлер өз ғимараттарының, сауда нысандарының, дүкендердің аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасты.

Сонымен қатар қазіргі таңда жас буынның спортқа, оның ішінде аула спортына қызығушылығы артқанын ескере отырып, аудан орталығында «ЭкоLIFE» спорттық шарасы өткізілді. Шара барысында жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге шақырды. Спорттық жарыс соңында қатысушылар алаң маңын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, әр жас спортшының тазалық сақтау мен жауапкершілікті сезіну бірінші кезектегі міндеті болуы керектігіне үндеді.

Панфилов аудандық жастар орталығының жетекшісі Мақсат Ибраймолдаев: «Экологиялық шараларды жаңа форматта өткізу жастардың қызығушылығын арттырып, оларды табиғатты аялауға және қорғауға жұмыла кірісуге үндейтіні анық. Осы арқылы жаңа буын өкілдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны таза ұстау мінез-құлқы жетіле түсетініне сенімдімін», — деп пікірін білдірді.

Ақсу ауданында «Таза аула» және «Таза көше» байқауларының қорытындысы өткізілмек. Байқау аталмыш ауданның барлық 17 ауылдық округінде ұйымдастырылған болатын. Байқау қорытындысы бойынша ең таза көшелер мен таза аулалар анықталып, оларға арнайы тақтайшалар ілініп, аула тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақсу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбаев: «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орныға бастағанын атап өтті, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет».

Сонымен қатар Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында мектеп оқушыларының арасында «ЭКОtime» атты экологиялық-тәрбие сағаттары өтті.

«Киелі мекен» атты экологиялық шара Қаратал ауданында да ұйымдастырылды. Айту би, Ескелді би, Жолбарыс батыр кесенелерінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, өңір тазалығын мақсат еткен қараталдықтар бұл шараға жаппай атсалысты.

Қартал ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахымғали Өтегенов: «Бүгінгі күнде елімізде өтіп жатқан ауқымды тазалық акциясы — аса маңызды науқан. Жастар ғана емес, аға буын – ардагерлердің, орта буын – ел ағаларының қатысуымен атқарылып жатқан тазалық шаралары туған елге деген шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі іспеттес».

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы саны 1 411 техника жұмылдырылды, соның нәтижесінде 7 408 тонна қоқыс шығарылып, 2 255 км арық желісі тазаланды.

Дереккөз: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.