Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Жыл басынан бері Жетісуда 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді

11.09.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
Жыл басынан бері Жетісуда 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді. Осылайша өңірде бүгінге дейін жоспарға сәйкес мемлекеттік мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары қатарында бейімделген нысандар саны 628-ге жетті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Облыс басшысы Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде мүгедек жандар үшін әлеуметтік инфрақұрылымдарды қолжетімді ету бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде. Биыл 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді, оған жергілікті бюджеттен 591,8 млн. теңге бөлінді. Жалпы Жол картасы аясында барлығы 1119 нысанды бейімдеу жоспарланса, бүгінгі күнге соның 628-і бейімделді. Қалған 491 нысанда бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Осылайша 2027 жылға қарай өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі толығымен аяқталады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Бұдан бөлек, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің мамандары мүгедектігі бар азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау шеңберінде биыл өңірде 95 тексеру жүргізіп, соның қорытындысында 70 субъект жалпы сомасы 9,6 млн. теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Біз талдықорғандық кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Сауда үйлерінің басшыларына да жиі құлаққағыс етеміз. Мәселен, «Шапағат» сауда үйі екінші қабатына және «Zeta» дүкенінің кіреберісіне екі көтергіш орнатқанын осындай жұмыстардың оң нәтижесі деуге болады, оған қоса пандусы да бар. Енді баяу қозғалатын және мүгедектер арбасында жүретін адамдар сауда үйіне қиналмай кіре алады. «Шапағат» сауда үйінің басшылығына осындай шараларды қолға алғаны үшін алғысымды білдіремін. Сауда объектілері мен өзге де мекемелердің құрылтайшыларынан мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар жандардың нысанға кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасауды сұраймыз. Азаматтардың бәрі үшін кедергісіз орта құру — біздің ортақ міндетіміз, — деді «ELSTAR» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтары жөніндегі кеңесшісі, мүгедек адамдардың инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг тобының мүшесі Вадим Друзин.

Сондай-ақ облыста «Инватакси» қызметі жолға қойылғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда осындай 34 арнайы автокөлік бар, жыл басынан бері облыс бойынша аталмыш көлік қызметіне 60 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

Жалпы Жетісу облысында қолжетімділікті кешенді түрде қамтамасыз етуге және кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте жаңа нысандарды салу кезінде мердігер ұйымдарға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын сақтау бойынша нақты талаптар қойылады.

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.