Талдықорған: +15°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітаппен кемелденген сана
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыттың үнсіз ұстазы – кітап. Ал сол ұстазбен тілдесуді әдетке айналдырған ұрпаққа болашақтың мәңгілік шамшырағы ретінде қараған абзал. Бүгінде облыстағы өміршең, ерекше бастамалардың бірі – «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебіне 1 жыл толып отыр.

Бір қарағанда, бұл жай ғана кітап оқуға үндейтін жоба сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның ауқымы мен әсері әлдеқайда терең. Бір жылдың ішінде облыстағы барлық аудан-қаланы аралап, 500-ге жуық жас таланттың басын қосқан «Мизам» – бүгінгі қоғамда кітап оқуды жаңа деңгейге көтеріп, оны сән емес, санаға сіңген өмір салтына айналдырып келеді.

Осыған орай шығармашылық ұйымның ұйытқы болуымен «Кітаппен кемелденген сана» атты салтанатты жиын өтті. Бұл бір жылдық еңбектің қорытындысы ғана емес, рухани қозғалыстың айқын көрінісі еді. Аймақ басшылығының қолдауымен жүзеге асқан жоба аясында 500-ге жуық оқушы арнайы курстан өтіп, сертификаттарға ие болды. Бірақ ең қымбаты қағаз бетіндегі құжаттан көрі, жүрекке түскен іздің артықшылығы.

Панфилов ауданының тұрғыны Әйгүл Қазайбектің сөзі соның дәлелі:

– Бұрын кітап оқу үшін тек мотивация керек деп ойлайтынмын. Ал «Мизамға» келгеннен кейін түсіндім – ең маңыздысы тәртіп екен. Күн сайын 10-15 бет оқысаң, ол біртіндеп әдетке айналады. Ал әдет – адамның өмірінің бір бөлшегі, – дейді ол.

Бұл бүгінгі жас буынның ішкі өзгерісінің айғағы. Бір ғана жылдың ішінде 112 кітап оқыған жасөспірімнің тәжірибесі – кітаптың адам өмірін қалай өзгертетінінің жарқын мысалы.

Расымен де, кітап оқу – тек ақпарат алу емес. Бұл ойлау мәдениетін қалыптастыру, сөз саптауды жетілдіру, ішкі дүниені байыту. Кітаппен дос болған адам жалғыз қалмайды, себебі әр парақта жаңа сұхбат, әр шығармада жаңа әлем болады. Ал үздіксіз оқу санаға тәртіп, жүрекке сабыр, болмысқа тереңдік береді.

Бүгінде «Мизам» осы құндылықтарды жүйелі түрде насихаттап отыр. Жобаға мыңға жуық жазылушы, бес жүзден астам белсенді қатысушы тартылған. Он топқа бөлінген жастар тұрақты түрде кітап талқылап, ой бөлісіп, өз пікірін еркін жеткізуге дағдылануда. Осыдан-ақ әдеби ортаның ауқымдылығын сезініп, нағыз қоғамға қажетті тұлға қалыптастыратын мектеп екенін аңғаруға болатындай.

Мұндағы нәтижелерге таң қалмасқа лажың жоқ. Төрт жүзге жуық оқушы эссе мен өлең жазуда айтарлықтай жетістікке жетсе, екі жүзі шығармашылықтың жаңа деңгейіне көтерілген. Ал жүзге жуық қатысушы үшін «Мизам» – әдебиет әлеміне ашылған алғашқы есік. Олар дәл осы жерде өздерінің алғашқы кітабын оқыған.

Жастар жүзге жуық автордың шығармаларымен танысып үлгерген. Соның 30 пайызы – жергілікті ақын-жазушылар. Бұл тек әдеби қызығушылықты арттырып қана қоймай, туған жердің рухани тамырымен байланыс орнатудың да маңызды жолы екенін айта кеткен жөн.

Рухани басқосуда жобаның жаңа әдістемелік оқулығы таныстырылып, қатысушылар өз шығармаларын ортаға салды. Облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева да кеш аясында сөз сөйлеп, аталған мектептің келешегінің жарқын болатынына сенім білдірді. Атап өткендей, бұл бастама балалардың кітапқа деген құштарлығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға зор ықпал етіп отыр.

Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат ағыны толассыз. Бірақ сол ақпараттың арасынан мән мен мағынаны ажырата білу үлкен өнер. Ал бұл өнерді үйрететін ең сенімді құрал – кітап. Сондықтан кітап оқуды бүгінгі таңдағы жай әуестік деп қарамау керек.

«Мизам» осы талапты нақты іске айналдырып келеді. Ол – идеядан басталып, сеніммен бекіген, ең бастысы – нәтиже берген жоба. Бір жыл ішінде қалыптасқан бұл рухани орта енді талай жастың тағдырына бағыт-бағдар берері сөзсіз.

Кейде болашақты өзгерту үшін бір ғана идея жеткілікті. Бірақ сол идеяға шын сенетін адамдар болса – ол қозғалысқа айналады. «Мизам» – дәл сондай қозғалыс. Кітап арқылы кемелденген, білім арқылы биіктеген ұрпақтың бастауы.

Салатантты шара аясында аудан-қаладан жиналған Мизамдық оқушылар мен олардың жетекшілері сөз сөйлеп, иігілкті істің басында жүрген облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев пен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбекке алғыс білдірді. Басқосу соңында айбоз ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін жастарға ақ батасын беріп, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебіне тілегін арнады.

Медет ЖҰМАБАЙ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.