29 тамызда Қазақстанның көптеген өңірінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және екпінді жел болжануда. Синоптиктердің хабарлауынша, кей жерлерде ауа температурасы +35…+41°С-қа дейін көтеріледі. Бірқатар облыстарда төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды 7-su.kz.
Жамбыл облысы
Солтүстік-шығыстан жел соғады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Желдің екпіні күндіз шығысында 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысы
Күндіз +35°С қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
Солтүстігінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35°С ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысы
Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, басқа аумақтарында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысы
Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысы
Кей жерлерінде найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Шөлді аудандарында +41°С аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Көптеген аймағында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысы
Солтүстігінде және шығысында найзағай болжанған. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Орталығында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз +38°С ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.
Астана қаласы
Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
Күндіз +35…+38°С қатты ыстық болады. Алматы қаласында +35°С күтіледі.





