Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

29 «Жедел жәрдем» көлігі табысталды

Облыста жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында медициналық мекемелерге 29 жаңа санитарлық автокөлік табысталды. Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шараға аймақ басшысы Бейбіт Исабаев қатысты.

13 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
29 «Жедел жәрдем» көлігі табысталды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Шарада Бейбіт Өксікбайұлы ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру, сол арқылы халықтың денсаулығын сақтауға жағдай жасау мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін айтып, өңірде атқарылып жатқан шараларды баяндады.

– Соңғы 3 жылда облыста медициналық жабдықтармен қамту 93%-ға жетті. Өңірдегі санитарлық автопарк 2022 жылдан бері 167 арнайы автокөлікпен толықты. Соның ішінде бүгін біз 29 көліктің кілтін тапсырғалы отырмыз. Жалпы өткен 8 айда жедел жәрдем қызметіне 343 мыңға жуық шақырту түскен, яғни орта есеппен алғанда күніне 1100-дей алғашқы көмек көрсетіледі. Сондықтан қажетті санитарлық автоқұралдармен қамтудың маңызы зор. Бүгінгі беріліп отырған «жедел жәрдем» көліктерінде алғашқы көмекке қажетті барлық жабдық бар. Бұл медициналық қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз, – деген облыс әкімі аудан-қалалардағы медицина мекемелеріне «жедел жәрдем» көлігінің кілтін тапсырды.

Санитарлық көліктер 13 медициналық мекемеге, атап айтқанда Қаратал, Сарқан, Панфилов, Көксу, Ақсу, Кербұлақ, Ескелді, Алакөл аудандық ауруханаларға үш көліктен, Текелі қалалық ауруханасы мен Талдықорған қалалық емханасына, облыстық перинаталдық орталыққа, облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына бір көліктен берілді.

Санитарлық көліктің кілтіне ие болғандардың бірі Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Байқадам Құрымбай:

– Президент тапсырмасына сәйкес ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыруда, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтуды жақсартуда біз мемлекет тарапынан үнемі қолдауды сезініп келеміз. Мысалы, Ақсу аудандық ауруханасына 21 медицина маманы жетіспейтін, бүгінгі күні 16 маман жұмысқа қабылданып, олар 10 млн. теңге көлеміндегі бірреттік қаржылай қолдауға ие болды. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған 4 ғимарат қолданысқа беруге дайын. Сонымен қатар, 7 ауылда блокты-модульді медицина нысандар іске қосылды. Аудандық ауруханамыз күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Бүгін «жедел жәрдем» көліктеріне ие болдық. Осындай игі істер үшін ризашылығымызды білдіреміз, – деді.

Облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешуге ерекше назар аударылып, қажетті жағдайлар жасалуда. Үш жылда 162 медицина нысаны салынып, 10-ы күрделі жөндеуден өткен, соның 75-і биылғы жыл үлесінде, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде қарастырылған. Сондай-ақ, өңірге келген дәрігерлерге 5 және 10 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеген республикадағы алғашқы аймақ. Өткен жылдан бері бұл қолдау 120 дәрігерге көрсетілген. Ал Сарқан, Ақсу, Алакөл, Қаратал аудандарында және Текелі қаласында дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде өңірде дәрігерлер тапшылығы 20,3%-ға азайған.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.