Бүгін елімізде Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл мереке жыл сайын 6 қазанда атап өтіледі және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға елеулі үлес қосып жүрген инженер-конструкторлар, механиктер, бағдарламашылар мен электроника және киберқауіпсіздік саласының мамандарына арналған.
Қорғаныс өнеркәсібі мамандары заманауи әскери техника жасап, озық технологияларды өндіріске енгізіп келеді. Сала жұмысы жоғары кәсібилікті, нақтылық пен зор жауапкершілікті талап етеді.
Олардың еңбегі еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс әлеуетін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады.





