«Қазгидромет» синоптиктері 7, 8 және 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде көктемге тән құбылмалы ауа райы сақталады.
- Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда жаңбыр мен қар болады.
- Батыс пен оңтүстікте кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады.
- Солтүстікте қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
- Республика бойынша жел күшейеді, ал батыс пен оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Елдің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, алайда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.





