Талдықорған: +17°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті

Бүгін, 11:00
КҮНДЕРЕК
Абдулла Қарсақбаевтың туған жерінде 100 шақырымдық бәйге өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде ұлттық өнер мен спортты ұштастырған айтулы іс-шаралар арқылы тарихи тұлғаларды ұлықтау дәстүрі жаңа қарқынмен жалғасып келеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы ognialatau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ кино өнерінің заңғары, көрнекті режиссер Абдулла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай оның туған жерінде қашықтығы 100 шақырымды құрайтын бірегей бәйге ұйымдастырылды. Ұлттық спорт сайысына Қазақстанның барлық өңірінен және бауырлас Қырғызстаннан 63 сәйгүлік қатысты. Шабандоздар Үлгілі ауылдық округінің Қаншеңгел ауылынан Самсы ауылдық округінің Қопа станциясына дейінгі аралықты 3 сағатта басып өтті. Аталған бәйге Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылып, мыңдаған көрерменнің басын қосты.

Аламан жарыста маңғыстаулық Адай тұқымды «Бесжүйрік» атты сәйгүлік топ жарып, суырылып алға шықты. Шабандозы Нұрсұлтан Омаров баптаған тұлпар шөлді де далалы аймақтарда жүздеген шақырымды бағындыра алатын төзімділігімен дараланды. Екінші орынды Жетісу облысынан келген Қабай Даригербек тізгіндеген «Аққұм» иеленсе, үшінші орынға Жетісу облысының намысын қорғаған Сұңғат Қайратовтың «Жетіжал» аты табан тіреді. Шараға қатысқан аттардың барлығы да аяз бен аптапқа шыдамды жергілікті қазақы тұқымнан сайланған.

Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас пен белгілі қоғам қайраткерлері жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтап, бірінші орын иегеріне су жаңа автокөлік сыйлады. Сондай-ақ қалған жүлдегерлерге арнайы ақшалай сертификаттар тапсырылды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас маңызды шараның мән-мағынасына тоқталып, былай деді:

«Биыл бүкіл әлемдік қауымдастық отандық және халықаралық кино тарихында өшпес із қалдырған жерлесіміз Абдулла Қарсақбаевтың 100 жылдығын атап өтуде. Аталған атаулы дата ЮНЕСКО-ның 2026 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. 1967 жылы Канн кинофестивалінде жүлде алған «Менің атым Қожа» фильмінің авторына арналған бүгінгі бәйге – тарихи тағзымның айқын көрінісі».

Мерекелік шара «Сүйінбай сазы» ансамблі дайындаған концерттік бағдарламамен ұласты. Жиында Абылай хан мен Нұрғиса Тілендиевтің туындылары шырқалып, көрерменге ерекше рух сыйлады. Ұйымдастырушылар атынан сөз алған Орынтай Әмірғалиев бұл бәйгенің Ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрді жаңғыртуға бағытталған игі бастама екенін атап өтті. Режиссердің жақын туысы Дәулет Жарасбаев пен Махаббат Бигельдиевтің қолдауымен қолға алынған бұл аламан жарысты алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Еліміздегі ең үздік 20 отбасы марапатталды

Еліміздегі ең үздік 20 отбасы марапатталды

Бүгін, 12:30
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

Бүгін, 12:05
Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды

Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды

Бүгін, 12:03
16 қазанға арналған жалпы ауа райы болжамы

Үсік, тұман және өрт қаупі: Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгін, 12:00
Жетісу университеті Қазақстанда алғаш болып QS сыйлығын иеленді

Жетісу университеті Қазақстанда алғаш болып QS сыйлығын иеленді

Бүгін, 11:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.