Франция құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Француз құрамасының сапында Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле гол авторлары атанды.
Кездесудің алғашқы таймында Мбаппе пенальтиден мүлт кетті. Ал матчтың 77-минутында жарақатына байланысты алаңнан ауыстыруды сұрады.
Енді Франция құрамасы жартылай финалда Испания мен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.





