Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адал еңбек: Жетісуда түрлі мамандық иелері құрметке бөленді

24.09.2025
КҮНДЕРЕК
Адал еңбек: Жетісуда түрлі мамандық иелері құрметке бөленді

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Жетісу облысында түрлі мамандық иесіне құрмет көрсетілді. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында аймақтың экономикалық дамуына үлес қосқан 11 сала мамандары мен еңбек әулеттері, үздік ұжым қызметкерлері. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтау сөз сөйлеп, өңірді дамыту бағытында зор үлес қосқан жұмысшы мамандық иелері атқарған жұмыстар мен алдағы жоспар жайлы кеңінен баяндады.

– Өңірде жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және білікті кадр даярлау үшін барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, облыс басшысының тікелей бастамасымен Талдықорғанда қаласында 2026 жылы ерекше жоба – халықаралық стандарттарға негізделген «Zhetysu Skills» орталығын ашу жоспарлануда. Бұл бастама – облыс деңгейінде әртүрлі жұмысшы мамандықтарды даярлауға және студенттеріне заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, кәсіби дағдыларын осы орталықта шыңдауға мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, биыл 11 колледжде 14 жаңа мамандықтар ашу және трансформациялау жұмыстары атқарылды. «Өңірлік жаңа мамандықтар атласы» жасалып, жаңа, трансформацияланатын, жойылып бара жатқан және аса тапшы кәсіптер тізбесі анықталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей «Адал да қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдар әрқашан құрметке бөленуі шарт». Сондықтан мереке қарсаңында адал еңбектің адал қызметкерлерін марапаттау – құрмет пен жоғары сенімнің белгісіне теңейміз, –  деді М. Көлбаев.

Мерекелік шарада экономиканың 11 түрлі саласында еңбек етіп жүрген барлығы 20-ға жуық адамға құрмет көсретілді. «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары ерекше еңбек жетістіктері үшін марапатталды.

Осылайша, «Еңбек жолы» байқауының «Үздік еңбек әлеуетті» номинация бойынша Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап ауылының ұстаздар отбасы жеңімпаз атанды. Отағасы Мырзабай Ерғосаевтың артында екі ұлы, бір қызы, бір келіні бар.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинация бойынша 35 жылдық педагогикалық өтілі бар Ескелді ауданының Екпінді бастауыш мектебі бар Жетісу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Зайтбекова мараптталды. Панфилов ауданындағы Көктал ауылының тұрғыны «Көктал-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал дәрігері Бауыржан Машанбаев үздік жас өндіріс маманы атанды.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары да анықталды. Көксу қант зауыты «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауыты «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша «Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаздар қатарын толықтырды.

Облыстағы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ақпараттық технологиялар, құқық қорғау және азаматтық қорғаныс сияқты түрлі салаға үлес қосып жүрген қызметкерлер де марапатталды. Құрмет көрсетілген еңбеккерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сертификат табыс етілді.

– Мен құрылыста 35 жыл еңбек етіп келемін. Бұл саланы бала кезімнен жақсы көремін. Өз мамандығымды шын сүйемін. Бұл – тұрғындарға пайдасын тигізетін игі жұмыс деп есептеймін. Мәселен, әріптестеріммен бірге тұрғын үй, балабақша, мектеп, медициналық мекеме салдырдық. Соның барлығы халықтың игілігіне берілді. Біздің компания жобалау және абаттандыру жұмыстарын да жүргізеді. Адал еңбегіміздің бағаланғаны қуантады. Бұл құрмет пен марапат жемісті жұмысты жалғастыру үшін құлшынысымызды арттырады, – деді «Астана-Құрылыс» ЖШС қызметкері.

«Көксу қант зауыты» АҚ директоры Алтынбек Абатов та ерекше ризашылығын білдірді.

– Қазір біздің қант зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл егінді 1 қазанда қабылдауды жоспарлап отырмыз. 300 адамды жұмыспен қамту біз үшін үлкен жетістік. Ал зауыт іске қосылған соң жұмысшылар саны 500-ге жетеді. Бүгінгі марапат – бүкіл ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі. Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған біз енді Жетісу облысының атынан республикалық деңгейде бақ сынаймыз. Бұл – біздің ұжым үшін зор қуаныш пен үлкен жауапкершілік. Бізге артылған сенімді ақтауға тырысамыз, – деді ол.

Салтанатты шара Д. Рақышев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының дайындаған шағын мерекелік концертімен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.