Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.
«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда«Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай дінидогма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғарытұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуінежәне жастар санасын улауға әкелетін архаикалық жәнерадикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердіңқадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрдеқорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуғаешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттербірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.






