Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ол еліміздегі алғашқы атом электр стансысын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.
АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми-зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансының жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Бір сөзбен айтқанда тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ең кереметі тұрақты және тәулік бойы энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, атом электр стансысы су тасқыны, 9 балға дейінгі жер сілкінісі сияқты табиғи апаттарға төтеп бере алады. Сондықтан біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына әсер етеді
Қамбарбек САЙРАНБЕКОВ,
облыстық мәслихат депутаты
Фото: gov.kz





