Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Айхановты еске алды

9 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Айхановты еске алды
WhatsAppTelegramFacebook

Күрес өнерінде ерекше құбылыс болып, әр әдісі мен әрекеті жанкүйерлердің жадында жатталып, күні бүгінге дейін халық аңызға балап әспеттеп отыратын тұлғаның бірі – Әбілсейіт Айханов. Дәстүр бойынша жылда Талдықорған төрінде өтетін балуанды еске алуға арналған республикалық турнир жас спортшылардың танылуына жол ашып келеді. Биылғы бәсекенің жөні бөлек. Жеңімпаз болған 23 жасқа дейінгі жастар Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, ел намысын қорғайды.

– Қазақтың күрес мектебінің мықты екенін танытқан санаулы үздіктеріміздің бірі. Кеңес кезінде түрлі жарыстарда жеңіске жетіп, халықаралық бәсекелерде топжарғанымен белгілі бір себептермен ол кісіні Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарына қатыстырмады. Егер қатысқан жағдайда жеңіске жететініне еш күмәніміз жоқ. Ол кісінің кілемдегі іс-әрекеті бүгінгі жастарға үлгі, – дейді Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров.

Тұрақты өтіп келе жатқан Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған жастар арасындағы республикалық турнирдің осы жолғы жеңімпаздары қазанда Сербияда өтетін Әлем чемпионатында күш сынайды. «Жастар» спорт сарайында өткен жарысқа 10 салмақ бойынша 200-ден астам спортшы қатысты.

Командалық есеп бойынша Алматы қаласы 1-орын, 2 орынды Жетісу облысы алса, үштікті Түркістан облысының балуандары түйіндеді. Електен өтіп, әр кездесуде жоғары деңгейде шеберлік көрсеткен шымкенттік Жахангір Ахмаджанов (57 келі), алматылық Мерей Базарбаев (61 келі), қызылордалық Төлен Рүстем (65 келі), маңғыстаулық Майис Алиев (70 келі), ақмолалық Диас Сағдатов (74 келі), алматылық Ерхан Әбіл (79 келі), маңғыстаулық Мұхамбет Мамбетов (86 келі), жетісулық Айбек Айтбеков (92 келі), астаналық Нұрсейіт Тоқтар (97 келі) және ақтөбелік Бауыржан Советов (125 келі) жеңіс тұғырынан көрінді.

– Жастарымыз жалындап тұр. Жақында ғана жастар арасындағы әлем чемпионатында 92 келіде күрескен Самир Тұрсынов қола медаль алды. Ал бұл жарыстың деңгейі жыл санап өсіп жатыр. Осы додадан іріктеліп алған балуандарымыздың нәтижесін көріп, жылда аяқ алысын байқап келеміз. Осындай ірі турнирлер керек, – дейді ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Рүстем Өмірәлиев.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.