Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аймағамбетов сынға алды

18 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Аймағамбетов сынға алды

baq.kz/ Арман Мухатов

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілісте өткен жасанды интеллектіні әлеуметтік салада қолдану тақырыбындағы дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың баяндамасына қатысты бірқатар маңызды сұрақ көтеріп, сын айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Аймағамбетов министрлік жасанды интеллект мәселесіне қатысты нақты әрі өзекті жауаптар бермегенін алға тартты.

«Алақан арқылы төлем жүйесі бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Бірақ оның жасанды интеллектке нақты қандай қатысы бар? Біз автоматтандыру мен жасанды интеллектіні шатастырып отырған жоқпыз ба?» – деді депутат.

Ол өз сөзінде вице-министрдің оқушылардың тамақтануына төлем жүйесі туралы баяндамасының маңызын жоққа шығармайтынын, алайда жасанды интеллект контексінде мүлдем басқа, әлдеқайда өзекті мәселелердің назардан тыс қалып жатқанын айтты.

«Басты сұрақ – біз балаларды қалай ойлауға үйретеміз? Қазір ChatGPT мен Gemini сияқты жүйелерді оқушылар үй тапсырмасына пайдаланып жүр. Бұл дұрыс па? Этикалық және академиялық адалдық мәселесі қалай шешіледі?» – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол бағалау жүйесінің өзектілігіне ерекше тоқталды.

«Біз әлі де «2+2=4» деген секілді дайын жауаптарды бағалауға бейімбіз. Ал енді ЖИ дәуірінде бағалаудың өзі өзгеруі керек емес пе? Біз тек нәтиженің өзіне емес, оқушының ойлау процесіне баға беруіміз керек. Өкінішке қарай, бұл сұрақтарға да толыққанды жауап естімедік», – деді ол.

Бұған дейін Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған ЖИ шешімдері туралы баяндаған еді.

Министрлік тарапынан енгізіліп жатқан «Alaqan Mektep» жобасы – оқушылардың алақаны арқылы тануды көздейтін заманауи биометриялық экожүйе. Жоба алақан веналарының биометриясын жасанды интеллект көмегімен тануға негізделген. Бұл технология оқушының жеке шкафын карточка немесе кілтсіз, жай ғана алақанын сермеп ашуына мүмкіндік береді.

«Жүйе компьютерлік көру технологиясына сүйеніп жұмыс істейді. Бұл – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа деңгейі», – деді Ахметжанов.

Сонымен қатар мектеп асханалары үшін әзірленген «Alaqan Pay» жүйесі де ЖИ негізінде жұмыс істейді. Ол биометриялық төлем жүйесін енгізу арқылы оқушылардың ақшасын ұрлау немесе күшпен тартып алу қауіпін жояды. Ата-аналар өз балаларының қандай тағам тұтынғанын онлайн бақылап, тәттілер мен газдалған сусындардан бас тартып, дұрыс тамақтануын қадағалай алады.

Тағы бір шешім – «Protector AI». Бұл жүйе мектептегі агрессивті мінез-құлық пен буллингті нақты уақытта анықтайтын интеллектуалды жүйе ретінде таныстырылды. Жүйе бейнебақылау камераларымен біріктіріледі және күмәнді жағдайлар тіркелсе, жауапты тұлғаларға автоматты түрде хабарлама жібереді.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.