Талдықорған: -5°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әке даңқы – өнер, ұл абыройы – елге қызмет

28.02.2026
КҮНДЕРЕК
Әке даңқы – өнер, ұл абыройы – елге қызмет
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ киносының алтын қорындағы асыл туындылардың бірі – «Тақиялы періште». Бұл фильм – тұтас бір дәуірдің көңіл- күйін, ұлттық болмысын, қазақы мінезін шынайы жеткізген шоқтығы биік шығарма. Ал сол картинада басты рөлді сомдап, көрермен жүрегіне жол тапқан актер Әлімғазы Райымбеков. Ол табиғи таланты, шынайы ойынымен халықтың ыстық ықыласына бөленген өнер иесі. Оның экрандағы бейнесі – аңғалдық пен адалдықтың, қарапайымдылық пен тектіліктің символындай. Осындай асылдың сынығы болу екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақ. Бірақ бақпен бірге үлкен сын, зор жауапкершілік те қатар жүреді. Бүгінгі кейіпкеріміз – сол заңғар тұлғаның кенже ұлы Ертай Райымбеков. 

«Әкенің ұлы болу үлкен жауапкершілік», – дейді Ертай Әлім- ғазыұлы. Оның әр сөзінен сабыр мен салмақ сезілетін. «Атақты адамның атына кір келтірмеу – перзенттік парыз. «Танымал кісінің баласы осын- дай екен» дегізбеу ең үлкен міндет»,– дейді ол. Бұл – даңққа масайрамай, атаққа сүйенбей, адал еңбекпен өмір сүруді таңдаған азаматтың ұстанымы. 1981 жылдың 8 шілдесінде Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ ауылында дү- ниеге келген Ертай қара шаңырақтың иесі. Үлкен әулеттің тәрбиесін көріп өскен ол бала күнінен қарапайымдылық пен кішіпейілдікті бойына сіңірді. Анасының «Ауызбірлік бар жерде – ырыс бар» деген тәмсілі өмірлік қағидасына айналған. Анасы Гүлжауһар мен әкесі сыйласып ғұмыр кешті. Бірге жүрген күндерін қимастықпен еске алады. «Балалардың әкесі кең жүректі жақсы адам еді ғой. Елге сыйлы, сабырлы, мейірімді жан болды. Адам баласын бөлмейтін, ренжітпейтін. Болмысымен-ақ балаларға жақсы тәрбие берді. Жан-жағына шуағын шашып жүретін. Ауыр сөз айтпайтын. Қайтейін, қимасам да Алланың салғанына көнемін. Балаларым, артына қалған ұрпағы аман болсын. Осылардың тілеуін тілеп, әке- лерінің орнын жоқтатпай отыруға тырысамын дейді», – Гүлжауһар ана.

Иә, шындығында екеуі қайда барса да бірге жүретін. Шүйкедей кемпірін қасынан тастамайтын. Сыйлы, ордалы жерлерде қатар отырды. Бала-шағаның қызығын бірге көрді. Әлімғазы аға әлі де тың еді. Атың өшкір «COVID» жұқпасы аз уақытта алып тынды. Бірақ, аға артына өшпес мұра қалдырды. Ол мұра – «Тақиялы періште» фильмінде кең жүрек ұлдың рөлін өз деңгейінде сомдауы. Көрермен ықыласына бөленуі. Ұрпағына жақсы атаның баласы еді деген ат қалдыруы. Бағыт-бағдар сілтеуі.

Ертай әскерде, қызметте «Тайлақтың баласы» деген қошемет сөзді естиді. Бірақ оны тек мақтаныш емес, сенім деп қабылдады. Сол сенімді ақтау – оның басты мұраты. Өнер жолын таңдамағанымен, өнерге деген құрмет Ертайдың жүрегінде мәңгілік. Ол киноны жай көрермен ретінде емес, жауап- кершілікпен қарайтын жан ретінде бағалайды. «Кинода өмірді сценарий, режиссердің айтқанымен сомдайсың. Ал өмір – өз қолыңда», – дейді ол. Расында өмір сахнасында әр адам – өз рөлінің режиссері. Ертай Райымбеков бүгінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінде Азаматтық қорғау бөлімінің бастығы. Бұл – жай лауазым емес, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығына жауап беретін стра- тегиялық міндет. Қауіптің алдын алу, төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдау, адамдардың өмірін қорғау – нағыз ер-азаматтың ісі. 2002 жылы осы салаға келіп, өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысуы оның болашақтағы кәсіби биігіне жол ашты. Спорт оны шынықтырып, тәртіпке үйретіп, төзімділікке баулыды. Қазақстанның талай өңірін әріптестерімен иық тірес- тіре еңбек етті. Қызметтестері оны сабырлы, әділ, талапшыл басшы ретінде бағалайды.

Отбасы Ертай үшін ең үлкен байлық. Жары Әсел екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Нұрай, Шәкен, Тілеу көздерінің нұры. Олар да тәрбиелі отбасының дәстүр-салтын жалғастырып, тәлімді ұрпақ болып ержетіп келеді.

Ертай бүгінде Әлімғазы аға салған қара шаңырақты түлетіп отыр. Бұл үй жай баспана емес, рухани орда. Әке еңбегінің ізі қалған, бала күнгі естеліктер сақталған қасиетті орын. Шаңырақта бір құрсақтан тараған ұл-қыздар жиі жиналады. Әкелеріне Құран бағыштап, ас береді. Балалық бақытты шақтарын еске алады. Олар әке шаңырағына сағынып келеді. Ата-ананың мейірімге бөлеген қайта- ланбас шақтарына бірге сапарлайды. «Адамның жастық шағы өткен жерде жарты жүрегі қалады» дейді қазекем. Әкесінің фильмге түскен мерейлі сәттері, анасының ұл-қызының ас- суын дайындап, жарының жолын күткен қимас шақтары естерінде. Аға буын отбасын сақтаудың үлгісі бола білді. Барға қанағат, жоққа салауат етті. Өмірдің барлық қиындығын үндемей, шыдамдылықпен жеңіп, бақытқа бірге жетті. Ұрпағы үшін ешқандай мектеп бере алмайтын тәрбие. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегенді қазекем осындай отбасылық тәрбиеге қарата айтқан. Ертайдың аға-әпкелерінің барлығы бір-бір саланың майталмандары. Тәрбиелі отбасылардың темірқазығы. Ертай бір туғандарының өмір жолын мақтанышпен айтады. Кең жүрек жігіт тоғыз бауырын баға жетпес байлыққа балайды.

Әлімғазы Райымбеков – өнердегі тектіліктің үлгісі болса, Ертай Райымбеков – өмірдегі тектіліктің айғағы. Бірі – сахнада халық жүрегін жауласа, бірі – ел қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жүр. Әке даңқы – тарихта, ұл абыройы – бүгінгі күннің шындығында.

«Асылдың сынығы» деген атау дәл осындай жандарға лайық. Өйткені асылдың сынығы – сынбайды, керісінше, шыңдалады. Ертай Райымбеков әке атына адал, ел сеніміне берік, қызметіне жауапты азамат. Даңқты әкенің жалғасы болу – тағдыр сыйы. Ал сол тағдыр сыйын абыроймен алып жүру – нағыз ердің ісі.

 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Алименттен қашып жүр…

Алименттен қашып жүр…

28.02.2026
Қасиетті келісім

«Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап»

28.02.2026
Жигули Дайрабаев: Жаңа Конституция жобасында республикалық референдум термині жалпыхалықтық референдумға өзгертілді

Жигули Дайрабаев: Жаңа Конституция жобасында республикалық референдум термині жалпыхалықтық референдумға өзгертілді

28.02.2026
Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті

Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті

28.02.2026
Рухани жаңғыру айы

Рухани жаңғыру айы

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.