Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

26.09.2024
КҮНДЕРЕК
Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Алакөл ауданының тұрғындарымен жыл сайынғы кездесу өтті. Кездесу барысында негізінен тұрғын үй қатынастарына, әлеуметтік көмек көрсетуге, әлеуметтік нысандар салуға, жолдарды жөндеуге қатысты маңызды тақырыптар қозғалды. Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл кезеңде өткен жылғы кездесуде көтерілген өзекті 8 мәселенің 7-уі түпкілікті шешімін тапты. 

Тентек өзеніндегі бөгет пен Ақши ауылындағы электр желілері жөнделді.  Көлбай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды, келесі жылғы жоспарда ауылдық клуб ашу бар. Үшарал қаласындағы жаңа құрылыс аймағында ауыз сумен қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру мәселесі шешілді.

— Халықпен кездесуде Жандосов, Бейбітшілік, Ынтымақ көшелерінің тұрғындары атынан орталықтандырылған су құбыры мен көшелерді жарықтандыру мәселесін көтердім. Біз шетте тұрамыз, сусыз өте қиын болды. Қазір өзімізде су бар. Көшеге шамдар орнатылды, енді балалардың сабақтан үйге қайтуы ыңғайлы әрі қауіпсіз, — деді Айдана Тұтқабекова.

Мәселен, Үшарал қаласының тұрғыны Әлия Альмисаева тұрғын үй беру мәселесімен жүгінді, оның кезегі 68-ші. Жақында бес баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ананың өрт салдарынан уақытша баспанасынан айырылғанын ескеріп, демеушілерді тарта отырып, оның отбасына көмек көрсету тапсырылды.

«Үшарал – Арқарлы» және «Қабанбай – Тоқжайлау» жолдарын жөндеу мәселесі де тұрғындарды алаңдатуда. Атап өтілгендей, жөндеу жоспарлары жасалған. Келесі жылы жалпы ұзындығы 80 шақырым осы учаскелерді кезең-кезеңімен ағымдағы және орташа жөндеумен қамту жоспарлануда.

Кездесу барысында Үшарал қаласындағы 2 әскери қалашықтың мәселелері көтерілді. Тұрғындар қоқыс жәшіктерінің, көше жарығының жоқтығына және қаңғыбас иттердің көптігіне шағымданды. Осы проблемалық мәселелердің барлығы аудан деңгейінде шешілуге жатады, осыған байланысты жергілікті жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Үшарал қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін балалар шығармашылық орталығы ашылады. Мектептің құрылысы келесі жылы бастау жоспарлануда. Нәтижесінде қазіргі қолданыстағы С. Иманасов атындағы орта мектептің босайтын ғимараты орталыққа беріледі.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген әрбір мәселені шешу жолдары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.