Талдықорған: +21°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөл жағалауын бекіту жұмысы қарқын алды

11.04.2026
КҮНДЕРЕК
Алакөл жағалауын бекіту жұмысы қарқын алды

Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың інжу-маржанына айналған Алакөл биыл да мыңдаған туристі қабылдауға ниетті. Шипалы суымен әйгілі көлдің жағасына еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден ағылған демалушылар жыл санап артып келеді. Осыған орай ақ моншақ тағынған шалқар көлдің жазғы маусымға дайындығын көріп қайттық.

СӘТТІ САПАР САПАЛЫ ЖОЛДАН БАСТАЛДЫ

Жол сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне ғана емес, экономиканың дамуына да тікелей әсер етеді. Барлығымыз алысты жақындатып, діттеген жерімізге тез жеткізетін, ат тұяғы сүрінбейтін тақтайдай жазық жолдың болғанын қалаймыз. Туризмі өркендеген өңірде жол сапасына ерекше мән берілуде. Ең алдымен аспан кеңістігі мен пойыз арқылы ауданға қатынау бір жүйеге келтірілген. Атап айтқанда, автомобиль жолдары мен әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылған. Ерекше тоқталатыны, Үшарал қаласындағы әуежайдың қосымша терминалын салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіпті. 2026 жылы «Алматы – Үшарал – Алматы» және «Астана – Үшарал – Астана» маусымдық маршруттарын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, 12 теміржол бағыты жүзеге асырылмақ. Ұзындығы 488 шақырымды құрайтын Талдықорған –Үшарал және Үшарал – Достық автомобиль жолдарын реконструкциялау аяқталып, көлік қатынасы едәуір жақсарған. Үшарал әуе жолағын жаңғыртудан кейін ірі әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігі жасалыпты.

Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

– Биыл Үшарал – Астана, Үшарал – Алматы рейстерін жоспарлап жатырмыз. Өткен жылы әуежайдан 18 мың адам ұшты. Биыл одан көп болады деген сенімдеміз, – дейді Үшарал әуежайының директоры Болат Мұқашев.

Жұртшылық көп қатынайтын Ақши теміржолынан Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Қызылорда бағыттары бойынша пойыздар тұрақты жүреді. Мұнда былтыр Павлодарға жаңа бағыты, биыл жүк пойызына арналған желі қосылыпты. Жолаушыларға аялдама салынған.

– Былтыр тәулігіне 500-800 жолаушыны қабылдадық. Биыл меймандар саны артса да вагон жеткілікті. Қажет болса жаңа бағыт ашуға мүмкіндік бар, – дейді Ақши вокзалының директоры Жанар Ыбырайханова.

ЖАҒАЛАУДЫ БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Облыс әкімдігі жағалауды жазғы маусымға дайындау мақсатында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, кәріз-тазарту құрылғысын, жағалауды нығайту бөгетін және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салу бойынша жобалар іске асырылуда.

Ақши ауылында 69 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды. Ақши мен Көктұмадан шығатын ағын суларды қабылдап, тазалап, суды техникалық мақсатта қайта пайдалануға мүмкіндік беретін тазарту қондырғыларының жүйесін іске асыру жалғасуда. Нысанды биыл қазан айына дейін жабдықтап, инженерлік желілерге қосу жоспарланған.

– Құрылыс жұмыстары 2025 жылы мамыр айында басталды. Қазір жұмыстың 30 пайызы аяқталды. Осы жерде Ақши мен Көктұма ауылдарынан шыққан кәріз қалдықтары тазартылады. Қуаты тәулігіне 6500 текше метр. Жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауға тырысамыз, – дейді құрылыс учаскесінің бастығы Самат Ыбырай.

Жағалауды бекіту жұмыстары да басты назарда. Жоба Алакөл жағалауының 13 шақырым аумағын қамтиды. Тексеру барысында бірқатар учаскелер, соның ішінде жағалауға жақын орналасқан нысандар маңында жағаның шайылу белгілері бар екені анықталған. Туристік нысан иелерінің айтуынша, қыс мезгілінде ірі мұздар жағалау жиегіне әсер етіп, топыраққа зақым тигізеді. Соның салдарынан кәсіпкерлер жағажай маңын қалпына келтіруге және абаттандыруға қосымша қаржы жұмсауға мәжбүр.

– Алакөлдің қысы қатаң, жел соққанда толқындар көп тұрады. Қыстан көктемге қарай ауғанда жардың бәрі құлап түседі. Оны өңдеуге қыруар шығын кетеді, – дейді «Alakol resort» демалыс аймағының әкімшілік басшысы Бауыржан Жұмақаев.

Алакөл көлінің қорғаныс бөгетін салу жұмыстарын «Каратас Майнинг» ЖШС жүргізуде. Қазір Көктұмада 960 метр, Ақшиде 200 метр аумақта жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады. Жағажайды бекіту жұмыстары аяқталған соң бұл жер заманауи қоғамдық жағажайға айналады.

Жағалаудың санитарлық дайындығы да қатаң бақылауда. Осы мақсатта коммуналдық база нығайтылып, санитарлық тазалық жұмыстарына қосымша 21 бірлік арнайы техника сатып алынған. Маусымдық бригадалардың жұмысы күшейтіліп, қоқысты жүйелі шығару, қоғамдық кеңістіктер мен жағажай аумағын күтіп ұстау шаралары ұйымдастырылуда. Көл жағалауына қосымша 100 қоқыс контейнері, 30 киім ауыстыратын орын, 30 биодәретхана, 31 құтқару мұнарасы, 13 шақырым буй желілері орнатылады. Ақши, Көктұма және Лепсі ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақши ауылының құтқару бөлімшесінде 13 құтқарушы, 11 моторлы қайық, Лепсі ауылының құтқару бөлімшесінде 13 құтқарушы, 5 моторлы қайық қарастырылған. Алакөл көлінің жағалауында 39 бейнебақылау камерасы орнатылған.

– Туризмді дамыту мақсатында былтыр 30,2 млрд. теңге, биыл 30,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл инфрақұрылымдық жобалар, жол, желі, экопарктер, Балқаштағы 3 коммуналдық жағажайға жұмсалады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша туристтік нысандардың саны 18 пайызға артты. Ал туристер саны 11 пайызға көбейіп, Жетісуға келушілер 2 миллионға жетті. Ал алыс-жақын шетелден келетін қонақтардың саны 60 пайызға артты, – дейді облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаев.

Айта кетейік, 2022-2025 жылдары облыста жалпы 60 инвестициялық жоба жүзеге асқан. 2026-2028 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 21 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға серпін беретіні анық.

Айдар ҚАЛИЕВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алакөлде «Таза қала» экологиялық акциясы өтті

Алакөлде «Таза қала» экологиялық акциясы өтті

11.04.2026
Сарқанда жалпы қалалық сенбілік өтті

Сарқанда жалпы қалалық сенбілік өтті

11.04.2026
«Taza Qazaqstan»: Панфиловта 7 000 көшет егілді

«Taza Qazaqstan»: Панфиловта 7 000 көшет егілді

11.04.2026
Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

11.04.2026
Бюджетке  өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

11.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.