Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жағалаудағы қауіпсіздік: Алакөлде дрон мен бейнекамера қолданыла бастады

3 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жағалаудағы қауіпсіздік: Алакөлде дрон мен бейнекамера қолданыла бастады

orexca.com

WhatsAppTelegramFacebook

Судағы және өрт қауіпсіздігін, сол сияқты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін биылғы шомылу маусымында Алакөл жағалауына Төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары, Көліктік бақылау  инспекциясының мамандары, Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда  дрондардың және бейнекамералардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тыйым салынған жерлерде су көліктерінің бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу мақсатында Жетісу облысында Суды ортақ пайдалану ережесі бекітілген болатын. Ережелердің сақталуын көліктік бақылау инспекциясы жүргізеді, бұл ретте инспекторлар саны ұлғайтылды, 3 су көлік тұрағы және құқық бұзушыларға арналған арнайы 1 айыппұл тұрағы қарастырылған.

Облыс әкімдігімен бірлесіп қабылдаған және жергілікті мәслихатпен бекітілген Суды пайдалану ережесінде суда жүзу құралдарын пайдалану талаптары нақты көрсетілген. Бұл талаптардың сақталуын бақылайтын инспекторлар саны жазғы шомылу маусымында арттырылды. Көлік министрлігінің қолдауымен 4-7 шілде аралығында Алматы қаласынан Ақши жағалауында қызмет етуге қосымша қызметкерлер келеді. Маусым басталғалы суда жүзу көліктері тарапынан 23 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік айыппұл салынды. 12 шағын өлшемді кеме айыппұл тұрағына қойылды. Басты мақсатымыз – жазалау емес, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, — дейді Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Дастан Жұмақұлов.

Биылғы 5 маусымнан бастап Алакөл ауданы Ақши және Көктұма ауылдарындағы көл жағалауларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Бұдан бөлек жол патрулінде арнайы автоэкипаждар қызмет етеді.

Осы жылдың 15 шілдесіне дейін облыс әкімдігі тарапынан тірек пунктіне қосылған 44 камера Ақши ауылына, 9 камера Көктұма ауылына орнатылады деп жоспарланған. Сонымен бірге жағалауда дрондық патрульдеу жүргізіледі. Дрон арқылы анықталған құқық бұзушылықтар дереу учаскелік инспекторға беріліп, әкімшілік шара қолданылады. Мәселен, осы жылы жол ережесін бұзуды қоспағанда, 28 адамға қоғамдық орында ішімдік ішу, заңсыз сауда-саттық, тазалыққа нұсан келтіру фактілері бойынша шара қолданылған. Дегенмен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіп бұзушылық азайғаны байқалды. Оған заманауи құрылғыларды тиімді пайдалану өзінің оң әсерін тигізіп отыр, — дейді  Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Байкенов.

Осы ретте Полиция қызметінде осындай 4 дрон болса, Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару тобында демалушылардың қауіпсіздігін қадағалайтын 2 дрон қолданыста. Аталмыш ұшу құрылғысы қауіптілік белгісіне жақын жерде немесе қауіпті жерлерде шомылып жүрген демалушыларды анықтап, оларға дрон арқылы ескертіліп, қауіптің алды алынады. Ұшу құрылғысының бұдан басқа да профилактикалық шараларға тигізер көмегі зор. Жалпы құтқару бөлімшесінің қызметкерлері суға шомылуға қауіпті жерлерде белгілер орнатып, күн сайын демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жадынамалар таратады.

Сол сияқты Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория, дәріхана және тәулік бойы Жедел жәрдем жұмыс істейді. Облыс орталығынан хирургтар, кардиологтар, травматологтар және басқа да мамандар белгіленген кестеге сәйкес іссапарға жіберіледі.

Сондай-ақ жағалаудың санитарлық инфрақұрылымын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылданды. Бүгінге дейін 22 санитарлық-гигиеналық торап қойылған. Жалпы саны 180 қоқыс контейнері орнатылды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.