Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Сталкингті тоқтат: қауіпсіздік – әр адамның құқығы» атты форум өтті. Қоғамдағы қауіпсіздікті күшейту, сталкингтің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуды мақсат еткен форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесі мүшелері, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, аудандық бөлімдер мен мекемелер қызметкерлері, сондай-ақ, пробация қызметінің өкілдері қатысты.
Арнайы қонақ ретінде облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Байгозинов қатысқан жиында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Абдильдаев сталкингтің қоғамға төндіретін қаупі және оның алдын алу жолдарына тоқталды. Аудандық прокуратураның прокуроры Ерасыл Ондабаев сталкингке байланысты құқықтық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Алмат Садиев, аудандық орталық аурухананың психологы Әйгерім Әліпбекова жәбірленушілерге психологиялық қолдау көрсету тетіктері жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу өтті. Соңында құқықтық сауаттылықты арттыру, алдын алу шараларын күшейту, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты жандандыру, жастарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүйелеу бағытында нақты ұсыныстар қабылданды.
Қажет АНДАС
Алакөл ауданы





