Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік саладағы конкурс

Әр саладағы маманды ынталандырып, еңбегіне қарап бағалаудың жолы көбейіп, соған сай түрлі іс-шара ұйымдастырылып келеді.

11 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік саладағы конкурс

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» атты республикалық конкурстың жарияланғанын қуанышпен хабарлады. Жарыс екі деңгейден тұрады. Облыстық сыннан үздік шыққандар кейін республикалық конкурсқа қатысады.

Конкурс жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы келген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәния Наурызбаева кеңінен айтты.

– Конкурс «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік әлеуметтік жұмыскері», «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік жұмыскері», «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік жұмыскері», «Үздік әлеуметтік педагог», «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) үздік жұмыскері» және «Үздік әлеуметтік жоба» сынды 7 номинациядан тұрады. Өңірлік деңгейдегі конкурсқа өтінім қыркүйек айының 30-на дейін қабылданады. Бүгінде комиссия құрамы жасақталып, облыс әкімі орынбасарының шешімімен бекітілді. Ал қатысушылар алдымен бірыңғай платформада ашық онлайн дауыс беруден өтіп, одан іріктелгендер 9–12 қазанда облыстық комиссия отырысында қаралады. Електен өткен құжаттар республикалық конкурсқа жіберіліп, нәтижесі 23 қазанда шығады, – деді Сәния Дүйсенбіқызы.

Қатысушылардың өтінімді қағаз түрінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қабылдаса (байланыс телефоны: 8/7282/32-92-61), электронды нұсқасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына (https://qamqor.enbek.kz/) жүктей алады.

Жалпы конкурстың негізгі мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскерін анықтап, әлеуметтік сала мамандарының қоғамда танылуын және кәсіби мәртебесін арттырып, кәсіби имиджін нығайту. Одан бөлек, азаматтардың осал санаттарын қолдауға бағытталған үздік жобаларды, үздік қызметкерлерді анықтау.

Қали АСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.