УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Алматыға келген Испанияның атақты «Реал Мадрид» футболшылары бүгін әуежайда салтанатты түрде қарсы алынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қонақтарға қазақы қонақжайлық көрсетіліп, дәстүрлі аспаптарда Чемпиондар лигасының әнұраны орындалды. Бұл ерекше көрініс ұлттық нақыш пен спорт рухын ұштастырып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Алматылықтар футболшыларды қуанышпен қарсы алып, көптен күткен кездесуді асыға күтуде.
Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын ертең, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.





