Талдықорған: +11°C
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТОП АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАҒА ИЕ БОЛДЫ

15.12.2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТОП АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАҒА ИЕ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігін бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, келешектің кемел болуын армандап кеткені анық. Бүгінде елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың, келісім мен татулықтың берік орнығуы ақ жаулықты аналар мен ақ сақалды аталардың арман-тілегінің, ақ батасының нәтижесі. Айтулы күнге орай Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы Алматы облыстық театрында салтанатты шара өтіп, Жетісу жерінің өркендеуіне үлес қосқан жандар марапатталды.

Алдымен тарихтың қойнауынан сыр шерткен театрландырылған көріністе ерте замандардағы халқымыздың басына түскен жаугершілік кезеңнің қиындығын, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерді сақтап қалған батыр бабалардың ерлігін, Қазақ хандығының іргетасын қалаған Жәнібек ханның тағдыршешті тілегі мен Қытай мен Ресей империяларының қыспағына түсіп, жоңғар шапқыншылығын басынан өткерген халықты бастаған Абылай ханның батыл бастамасын бейнелеген өнерпаздардың ойынын Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңіне арналған бейнематериал сабақтады. Патшалық Ресей, Қазан төңкерісі, ақ пен қызылдың тартысы, большевиктер жеңісі, Алашорда қозғалысы, қолындағы малына бола репрессияға іліккен қазақ, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру дәуірі, 1986 жылғы Желтоқсан, Тәуелсіздік таңының атуы сынды халқымыздың басынан өткерген кезеңдерді қамтыған көрініс Тәуелсіздікті сақтаудың маңыздылығын паш етті.

Сахнаға Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін көпшілік Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың құттықтауын тыңдады.

– Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың ең киелі құндылығы. Елдің үкілі үміті мен сенімі, күш-жігерінің сарқылмас көзі. 2021 жылы рухы асқақ, тұғыры биік еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тарихи белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырды. Осы уақытта түрлі қиындықтар мен сынақтардан өттік. Соның бәріне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық мақсаттарға негізделген салиқалы саясатының арқасында жеттік, – деген Амандық Ғаббасұлы жұртшылықты алаңдатқан биылғы жылдың жетістігін саралады. – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз Тәуелсіздікті бабалар нақылымен, халықтың парасатты ақылымен алдық. Отанды сүю – ерекше бақыт. Ал, оның ыстығына күйіп, азабына шыдау – әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние», — деген болатын. Біздің Тәуелсіздік тарихының әр парағында Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі, жанкешті ерлігі, жасампаз істері жатыр. Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп, барша әлемге мойындата білді. Нұрсұлтан Әбішұлының реформаторлық батыл шешімдерінің арқасында жаңа Қазақстанның жасампаз дәуіріне жол ашылды. Ата Заңымыз жазылып, төл теңгеміз айналымға енді, шегарамыз бекіді, асқақ астанамыз бой көтерді, халықаралық ұйымдарға төрағалық еттік. Экономиканың сан салаларын қамтитын маңызды бағдарламалар қабылданып, тарих үшін ұлы істер жасалды. Тәуелсіздік кезеңінің тәжірибесі жинақталды. Бүгінде Қазақстан береке мен бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мекені болды. Рухы жоғары, ұлағатты ұрпақ өсіру – әр шаңырақтың игі мақсатына айналды. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың байсалды саясаты Елбасының сындарлы жолымен жалғасып жатыр. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енуді мақсат етіп, жаңғыру жолында қадам басып келеді. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерде жетісулықтардың да қосқан үлесі мол.

Жетісу жерінде қант қызылшасын өсіру қайта жаңғыртылып,  суару жүйелері қалпына келтірілгенін, ет және сүт өңдеу ісінің жолға қойылып, инвестициялық ірі жобалардың жүзеге асырылып отырғанын, өңірдің барлық ауылдық округтеріне табиғи газ тартылып, республикалық автокөлік жолдарының жөнделіп жатқанын тілге тиек еткен облыс әкімі биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 триллион теңгеден асатынын, ауылшаруашылық өнімінің мөлшері 900 миллиард теңгеге жететінін атап өтті. Сондай-ақ, барлық салаларда ілгерілеу байқалатынын, әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз ету ісі кезең-кезеңмен қолға алынып, білім, денсаулық, спорт, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық салаларының жұмысы жыл санап артып отырғанын жеткізді.

Одан соң мемлекеттік және қоғамдық қызметте ерекшеленген, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан жандар «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шапағат» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

«Құрмет» орденін алғандардың қатарында облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Айдар Башбаев бар. Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік Мұқанов, «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталса, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен, еңбек ардагері Елеусіз Сұлтанғазиев, «Айналайын» балалар үйінің әдіскері Несіпжамал Баймадиева, «Аю Тас» ЖШС құрылтайшысы Алпысбай Рахимов, кинорежиссер Талғат Теменов, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын иеленді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен, кинорежиссер Талғат Теменов, «Айналайын» балалар үйінің әдіскері Несіпжамал Баймадиева, «Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігінің төрағасы Виктор Хильниченко, «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова көпшілікке ризашылық білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

13.04.2026
Президент бірқатар Елшіні тағайындады

Президент бірқатар Елшіні тағайындады

13.04.2026
Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

13.04.2026
Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.