Талдықорған: +19°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ТҮСКЕ ЕНЕТІН КӨЛ БАР

05.09.2019
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ТҮСКЕ ЕНЕТІН КӨЛ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудағы жақұттың бірі – Жасылкөл көлі. Лепсі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым шамасында орналасқан тұмса табиғатты көзбен көру үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. Шараның өтуіне «Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы» МКҚК ұйытқы болды.

Теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте орналасқан Жасылкөлге жетудің өзі қиямет. Жалаңашкөл орман шаруашылығынан 17 шақырым жаяу жүріп, тауды қиялап өтіп, әзер дегенде жетеді. Соның өзіне қарамастан, биылдың өзінде мұнда 500-ге жуық турист демалған. Тіпті, кейбірі көлдің басында 2-3 түнеп, табиғатпен сырласатын көрінеді.

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ақпараттандыру бөлімінің маманы Айдана Тұрысбекованың айтуынша, көл өткен ғасырдың орта тұсында жер сілкінісінен кейін пайда болған. Таудан құлаған тастар өзеннің арнасын жауып қалып, бұл жер осындай әсем көлге айналыпты.

– Ағыны қатты өзеннің бір тармағы Кикөзен өзенінің орта ағысында жатыр. Көлдің ұзындығы 2 шақырым, көлденеңі ең кеңейген тұсында 700 метрге жетеді. Тереңдігі 50-90 метр шамасында. Көлді жағалай өскен жапырақты тоғай күзде ерекше сұлуланып түрленеді. Төменгі Жасылкөл көлінен он үш шақырым жоғарыда «Жоғары Жасылкөл» деп аталатын тағы да бір сұлу көл бар. 2200 метр биіктіктегі көл Кикөзен өзенінің бүйір тармағы Қызылауыз өзенінде орналасқан. Ол да күшті зілзаланың салдарынан пайда болған. Оң жақ беткейдің құлауынан жартас кесектері  шатқалды бөгеп тастаған. Көлдің ұзындығы 3,3 шақырым, орташа  көлденеңі – 300 метр. Көл өзінің пішіні жағынан жетісулық тістібақаны (Жетісу Алатауында ғана мекендейтін жойылып бара жатқан құйрықты қосмекенді) еске салады. Көл жағалауындағы альпілік шалғындар және сирек аласа бұталы тоғай көмкерген жап-жасыл баурайдың түсімен астасып,  көк-жасыл болып құбылып жатады, – деген Айдана Тұрысбекова суы мұздай болғандықтан ешқандай балық тіршілік етпейтіндігін айтты.

Айта кетерлігі, көлдің түсі қардың еруінен ғана емес, тәулік мезгілі мен ауа райына да байланысты құбылып тұрады. Мысалы, көктем-жаз маусымында  сүтті кофеге ұқсас лай түсті болса, күз-көктем мезгілдерінде көгілдір тұнық түске енеді. Талтүс кезінде көкшіл  түске боялады. Шайдай ашық  аспанда  су көкпеңбек, бұлтты ауа райында  қорғасындай сұрғылт түске енеді.

Өкінішке қарай, жақұт мекеннің шалғайда орналасқандығынан туристер санының аздығына тоқталған «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ақпараттандыру және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ринат Беделханов:

– Кордоннан көлге дейінгі жол ауырлау. Десе де, табиғатқа сай осылай тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2010 жылы небәрі 40 шақты турист болса, биыл мұнда 500-ге жуық адам келіп-кеткен. Әдетте саяхатшылар қатары тамыздың ортасы ауа көбейеді. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Жататын орны, ішетін тамағы, тауға шығатын техника мен аттарға дейін әзір тұр, – дейді. Мысалы, қонақүйдің бағасы жайлылығына қарай адам басына 2000-6000 теңге аралығында. Сондай-ақ, ұйықтауға арналған қап, шатырды жалға беру – 500-600 теңге айналасында. Егер тауға көтерілетін жерге дейін көлік, ат жалдаймын десеңіз 2000-3000 теңгеңіз кетеді. Ең қымбатқа түсетіні – кәсіби фото-видео, кино түсірілім жасау. Яғни, 22 000 мен 50 000 теңге.

Айта кетерлігі, Жасылкөлдің табиғатын өз көзімен көру үшін тек өзімізден ғана емес, шетелден де меймандар келеді. Ақпараттық тур барысында Қырғыстан Республикасынан келген саяхатшы Арлан Харов:

– Өзім көршілес Қырғыз еліндегі туристік компаниялардың бірін басқарамын. Маған достарымның кейбірі: «Қазақстанда табиғаты тамаша жерлер жоқ», дейтін. Оның керісінше екеніне 15 жыл гид ретінде қызмет атқарғанда көз жеткіздім. Қазақстанның барлық облысын араладым десем болады. Соның өзінде Жасылкөлдей тұмса табиғатты бірінші рет көруім. Табиғаты өте әсем, маған қатты ұнады. Болашақта туризмнің Меккесіне айналдыруға болатын жер екен. Халықаралық дәрежедегі туристік мекенге айналары сөзсіз. Өз тарапымнан да осы бағытта жұмыс істейтін боламын, – деген ол Жетісу жерінің әсемдігін көргендегі таңданысын жасыра алмады.

Өз кезегінде «Tumar Trans» туристік компаниясының өкілі Альбина Әмренова:

– Негізі Жасылкөл туралы естігелі келгім келді. Бірақ талай жылдар бойы еш сәті түспеді. Енді өзім бірінші рет келіп, көріп, тамашалап, кетіп бара жатырмын. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың: «Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге» деген өлеңі есіме түсіп тұрғаны. Туристік компанияда қызмет еткелі бері Жетісудың ертегілер мекені екеніне көзім жетті. Ендігі мақсат – шетелден келген адамдарды осы жерге алып келу, – деді.

Облыстық туризм басқармасының бастамасымен биылдың өзінде өңірдегі бірнеше мемлекеттік ұлттық табиғи паркке ақпараттық тур ұйымдастырылды. Он шақты жыл бұрын Көлсай көлдері мен Шарын шатқалының жағдайы тап осы Жасылкөлдегідей еді. Тақтайдай тегіс жол салынуының арқасында қазір ол жерлерде күніне мыңдаған адам демалуда. Инфрақұрылымын жақсартса, Жасылкөлдің де сондай туристік нысанға айналары сөзсіз.

Еңлік ҚАБДЕШ

Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

01.04.2026
Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

01.04.2026
1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

01.04.2026
Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

01.04.2026
Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді

Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.