Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі негізінде маңызды хабарлама жариялады. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.
2020 жылдың 12-13 қараша күндері Алматы облысының кей жерлерінде түнде қатты жауын-шашын, қарға ұласатын жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады, кей жерлерде түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
— автокөлікпен жолға шығар алдында ауа райы мен ескертулерге назар аударыңыз;
— жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстырыңыз;
— машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңке мен жарықшамдар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек, зарядталған ұялы телефон болсын.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің «112» нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





