Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ коронавирус індетіне шалдықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады», — деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





