Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алқаптағы алқалы жиын

24 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Алқаптағы алқалы жиын
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ауылшаруашылық министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысындағы іссапарын Жаркент қаласындағы қап тігетін «Универсал» ЖШС-нің және жүгері дәнінен крахмал, сірне шығаратын зауыттардың жұмысымен танысудан бастады. Кәсіпорын тынысын серіктестік директоры Велям Халиков пен Крахмал-сірне зауытының бас технологі Рифат Аблизов таныстырды.

Алдымен мұнай қалдығынан алынатын 21030-16 маркалы жартылай пропиленнен жіп иіріліп, одан қап тоқылатын зауыт цехын аралап көрген министр тапсырысқа байланысты сыйымдылығы 25 келіден бастап 150 келіге дейін ауылшаруашылық өнімдеріне арналған қаптың қалай тігілетінін көзбен көрді. Айына 6 миллионнан астам қап шығаруға қауқары бар зауыттың өніміне сұраныс жоғары. Сапалы тігілген қаптарға отандық тұтынушылармен қатар шетелдерден де тапсырыстар келіп жатады.

Крахмал-сірне зауыты жергілікті дихандар өндірген жүгері дәнін өткізетін бірден-бір қуатты кәсіпорын. Жылына 100 мың тоннадан астам жүгері дәнін өңдеуге лайықталған зауыт ай сайын 8-9 мың тонна жүгері дәнін қажетке жаратады. Осынша астықты кептіріп, сақтайтын сыйымдылығы 30 тоннадан асатын арнайы құтылардың қатарына биыл тағы төрт қондырғы қосылады. Зауытта барлық жұмыс онлайн режимде, компьютермен басқарылады. Күзде зауыт диқандардан 100 мың тоннадан астам жүгері қабылдауға әзір.

Министр бұдан кейін Көктал ауылдық округіндегі «Көктал–Агро» ЖШС-не қарасты алқаптың басында жүгерішілермен алқалы жиын өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев, Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек және республикалық, облыстық деңгейдегі ауыл- шаруашылық өндірісі буындарының басшылары қатысқан жиында экономикалық даму көрсеткіштерін жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы Қуаныш Тұрдыақынов таныстырды. Оның айтуынша, биыл 819 гектар жерге жүгерінің әртүрлі сұрыптарын өсіруді көздеп отырған серіктестіктің 250 гектар шабындығы бар. Егістік алқаптарының 90 пайызы жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісіне көшірілген.

«Көктал-Агро» ЖШС-нің 1150 ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасының іске қосылғанына 5 жыл толған. Өндірістік бағыты – сүтті, етті мал шаруашылығы саласын дамыту көзделген фермада 1150 сиыр бар. Оның 700-ге жуығы сауын сиыр. Күн сайын әр сиырдан орта есеппен 25 литрден сүт алынады. Сонда күнделікті жалпы 15 тоннаға жуық сүт Алматы қаласындағы «Фуд Мастер» зауытына 285 теңгеден өткізіледі.

Егістік алқабындағы кеңесте кіріспе сөз сөйлеп ашқан Ауылшаруашылық министрі Айдарбек Сапаров фермерлердің талап-тілектерін, шешімін күткен мәселелерін айтуын сұрады.

Жаркент қалалық округіндегі «Құралай» шаруа қожалығының төрағасы Әзікен Кәріпжанов жеңілдетілген несиеге, субсидияға, жер жағдайына байланысты дифференцалды бағада су ақысын төлеуге, кадр мәселесіне қатысты сауал қойып, биыл ауылшаруашылық техникасына науқан кезінде қажетті қосалқы бөлшектердің жылдағыдан анағұрлым қымбаттағанын, егістік су мен сумұрап жалақысының өскенін, соған орай маман тапшылығын жоюдың жолдарын Үкімет деңгейінде қарастыру керектігін жіліктеп жеткізді. Аудандағы егістіктің тау баурайындағы бөлігіне 6-7 мәрте суару қажет болса, төменгі бөлігі көп суаруды аса қажет етпейді. Соған байланысты өндірілген өнімді сатқанда дифференцалды баға тарифін қалыптастыру керек.

«Кең дала-2» агронесие жүйесі Үкіметте қайта қаралып, қалған 85 пайызын төленетінін жеткізген министр ауылшаруашылық өндірісін қаржыландыруға мемлекеттен бөлінген 440 миллиард теңге мамыр айынан бастап берілетінін, жүгеріні кептіріп, сақтайтын орындар жасауды қожалықтар бірігіп атқарса 30 пайыз субсидия төленетінін атап өтті. Ал, су мәселесін Үкіметтік деңгейде қарастырып, Су ресурстары министрлігіне ұсыныс жасайтынын айтты.

Өзіне қойылған барлық сауалдарға жауап беріп, жергілікті жерде шешілетін мәселелерді облыс, аудан басшыларына тапсырған министр кездесуге келген фермерлерге сәттілік тіледі.

Мырзағали Нұрсейіт

Қатысты жаңалықтар

Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.