Талдықорған: +29°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алты ауыл табиғи газға қосылды

14.10.2025
КҮНДЕРЕК
Алты ауыл табиғи газға қосылды

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданында газдандырудың маңызды кезеңі аяқталды. Нәтижесінде Қызылжар, Қызылмектеп, Майтөбе, Шілісу, Шоқан және Амангелді ауылдарының шамамен бес мың тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді.

Алыстағы ауылдар үшін бұл – шын мәнінде үлкен жаңалық. Енді ауыл тұрғындарына жыл сайын 6-7 тонна көмір сатып алып, пеш жағып, күн сайын күл шығарудың қажеті болмайды. Табиғи газ – ыстық су, тұрақты жылу және қауіпсіздікпен қамтитын, өмірді әлдеқайда қолайлы ететін мүмкіндік.

Салтанатты шарада музыка ойнап, әйелдер шашу шашты, ақсақал әрбір үйге жылулық пен береке тілеп бата берді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанат Жүнісбеков, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғали қатысуымен жағылған газ ауыл өміріндегі жаңа беттің символына айналды.

Ауыл тұрғындарын осындай маңызды оқиғамен құттықтаған Айдос Бекетаев облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың газдандыру мәселесін өзі бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін Кербұлақ ауданында газ Сарыөзек пен Жоламан ауылдарына берілген. Енді көгілдір отын ауданның бірден алты жаңа елді мекеніне жетті. Тағы бірнеше ауылда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Қоғалы, Қарағаш, Қаспан, Байғазы, Жаңалық, Шаған, Көкбастау және Қайнарлы ауылдарында құрылыс жалғасуда. Ал 2025 жылдың соңына дейін газ аудан бойынша газдандыруға жататын 26 елді мекеннің барлығына жеткізіледі. Сонымен қатар халықтың өтініші бойынша тағы алты ауылдың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, олардың газдандырылуы 2026 жылға жоспарланған.

Облыс бойынша «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталып, үш ауданға бірден газ беруге мүмкіндік жасалды. Бүгінде өңірде 108 елді мекен (62%) газдандырылған, ал жыл соңына дейін тағы 18 ауыл қосылып, көрсеткіш 74%-ға жетеді. Тағы 84 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс басталады. 2027 жылдың соңына қарай газдандыру деңгейі 94%-ға дейін өсуі тиіс.

Қызылжар тұрғындары газды зор қуанышпен қарсы алды. Зейнеткер Күляш Байсеитова қуанышын жасырмады.

– Біз өмір бойы пеш жақтық. Әр жылы 6-7 тонна көмір алатынбыз. Бұл өте қиын. Бәрін тасып, үйіп, күлін шығару керек. Енді бізде газ болады. Сарыөзектегі адамдардың газбен қалай жайлы өмір сүретінін көріп, өзіміз де соны армандадық. Бүгін бүкіл ауылдың арманы орындалды, — деді ол.

Ауыл тұрғын Бақытгүл Сарсенова да мұндай жаңашылдықты қуанышпен қарсы алғанын жеткізді.

– Газ – әйелдер үшін үлкен жеңілдік. Енді көмір іздеп әуре болмаймыз, суықта уайымдамаймыз. Ыстық су болады, үйді қалаған кезде жылытуға болады. Біздің ауыл үшін бұл өте маңызды оқиға. Халықтың мұқтаждығына көңіл бөлгені үшін облыс басшылығына алғыс айтамыз, — деп лебізін жеткізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға үйлерді газға қосу тәртібі, қажетті құжаттар, шарттар мен бағалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Техникалық шарттарды алу толықтай тегін екенін, ал құбыр ұзындығы 25 метрге дейін болса, қосылу құны (қазандық пен қосымша бөлшектерді есептемегенде) 180 000 теңгеден аспайтыны айтылды. Сонымен қатар газ пештерін «Жетысугазсервис» кәсіпорны арқылы пайызсыз әрі бөліп төлеу мүмкіндігі бар екені хабарланды.

Дастанбек Садық

Қатысты жаңалықтар

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026
Рухани құндылық дәріптелді

Рухани құндылық дәріптелді

04.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Тұрақты даму кепілі

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.