Талдықорған: +22°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АҚСУ АУДАНЫНДА БОЛЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

28.10.2020
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АҚСУ АУДАНЫНДА БОЛЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жансүгіров кентінде қазақ халқының біртуар перзенті, ел қорғаған қайсар ұл Бөрібай батырға еңселі ескерткіш орнатылды. Қараған адамның отаншылдық рухын оятып, ел мен жерге деген асқақ сезім сыйлайтын батыр бейнесін көруге Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ өзі келді. Аймақ басшысы ескерткіш маңындағы абаттандыру жұмысымен танысып, тарихи нысан алаңында өз атынан ағаш отырғызды.

Шара аясында өңірдегі ақсақалдармен жүздескен Амандық Ғаббасұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Бағдарлама аясында қаншама тарихи мұралармен қайта қауышып, ұлтымыздың жоғы түгенделіп жатқаны сөз болды. Қазақ тарихында ұмыт қалған тұлғалар есімі жаңғырып, кейінгі жас толқын тың деректерге қанығуда. Бұл – үлкен тарихи бетбұрыс әрі болашақ үшін игі қадам. Бағдарламаның шарапаты тек мұнымен түгесілмейтінін айтқан аймақ басшысы бүгінгі таңда рухани құндылықтарды құрметтеудің, отаншылдық сезімді оятудың өте маңызды екенін әңгімеледі.

Бөрібай батырдың еңселі ескерткішіне орын сәтті таңдалған. Үлкен айналма жолдың ортасынан ат мінген батырдың асқақ бейнесі менмұндалайды. Ел қорғаған ердің қолында елдіктің жалауы желбірейді. Жиналғандар қазақтың батыры қандай болады дегенде көз тойдырып, көңіл тоғайтып қарайтын бірден-бір мүсін осы десті. Елім, жерім деп өткен Бөрібай батыр есімінің қазақ тарихында алтын әріппен жазылғаны сөзсіз. Бұл ескерткіш қазақ халқының қайсарлығын ғана паш етіп қоймайды, сонымен бірге, бүгінгі ұрпаққа жігер, рух сыйлап, тарихты құрметтеуге, ел мен жердің тұтастығын сақтауға шақырады. Ескерткіш әрбір адамға бірлігі бекем елдің ғана іргесі берік болатынын ұғындырып тұр.

Қазақтың қаншама хан-сұлтаны мен батыр-билері азаттықты аңсап, ұлы мұрат жолында от кешті десеңізші?! Бүгінгі ұрпақ олардың алдында мәңгі қарыздар. Бөрібай батырдың ерен ерліктері еш ұмытылмайды. Оның жауынгерлік жолы кейінгі жастарға айнымас темірқазық һәм өшпес өнеге іспетті. Ескерткіш маңына жиналған бүгінгі ұрпақ батыр туралы мәліметтермен бөлісіп, оның қайсарлығын айғақтайтын деректерден сыр шертті. Кейінгі жас толқынға батыр бабаларындай тәуелсіздікті қастерлеп, қадірін білу керектігі, қазақтың біртұтас, бөлінбейтін еңселі ел екендігі түсіндірілді.

Игі шарадан журналистер де шет қалмай, ағаш отырғызуға атсалысты.

***

Осыдан кейін облыс әкімі Ақсу қант зауытында болды. Бүгінде зауыттың қиындыққа толы өткен шағы мүлде ұмытылғандай. Жаңа құрылғылар, жаңа екпін зауыттың ажарын аша түскен. Қант қызылшасын қабылдау науқанына байланысты кәсіпорынның жұмысы да қызу, қарбалас. Еске сала кетсек, аталған зауыт 2017 жылдан бері облыс әкімдігі мен «Жетісу» ӘКК қолдауымен қайта жаңғырған. Бүгінде зауыттағы технологиясы 85 пайызға жаңарған. Зауыттың өндірістік қуаты науқан кезінде 500 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы.

Облыс әкімі Амандық Баталов Ақсу қант зауытының бас директоры Самат Нәдірбаевпен бірге барлық цех жұмысын көріп шықты. Әкімге зауытқа қабылданатын балтамырдың түрлері көрсетілді. Мамандардың айтуынша, биылғы құрғақшылыққа қарамастан өнімділік жоғары. Амандық Ғаббасұлы зауыттың әкімшілік бөліміне де кіріп, қызметкерлермен тілдесті.

Зауыт басшысы Жансүгіров кентінде қант қызылшасын қабылдау 29 қыркүйектен басталғанын, мұнда Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарынан шикізат тасымалданатынын әңгімеледі. Ал 18 қазаннан бері зауытта балтамырды өңдеу және қант өндіру жұмысы қолға алынған. Бүгінде зауыт 60 мың тонна тәтті түбір қабылдаған. Оның ішінде 15 мың тонна шикізат өңделіп, биылғы жылдың алғашқы қанты да шығарылған.

Бүгінде «Жетісу» ӘКК қолдауымен зауытқа барлығы 288 бірлік құрал-жабдық, ауылшаруашылығы техникасы лизингке берілген. Сонымен бірге, зауытта қант қызылшасының қалдық жомы да арнайы сығымдалып, пленкаға оралатыны көрсетілді. Қанты алынған қызылша қалдығы малға таптырмас азық ретінде қолданылады. Облыс әкімі бұл зауытқа қосымша табыс көзі екенін айтты. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде Ақсу қант зауыты қалдықсыз жұмыс істейтін жүйеге көшкен.

Зауыт директоры кездесуде кәсіпорынның ауқымын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. «Болашақта ашытқы шығару және жем дайындауды жоспарға енгіздік. Сонымен бірге, жыл бойы жұмыс істеу жағын қарастырып жатырмыз», – деді зауыт директоры. Қазіргі таңда зауыт әкімшілігі 200-ден астам қант қызылшасын өсіретін қожалықпен байланыс орнатқан.

Облыс әкімі жұмыс сапарының қорытындысында зауыттың қаржылық мәселелері дер кезінде шешілгенін, бастапқыда қиындықтар болғанын, бүгінде оның бәрі артта қалғанын тілге тиек етті.

— Біз зауытты заман талаптарына сай жыл сайын қайта жабдықтап жатырмыз. Жаңа құрылғылар орнатып, білікті мамандарды шақырдық. Нәтижесінде, зауыттың қуаты артты. Бұл өте қомақты көрсеткіш, – деді Амандық Ғаббасұлы. – Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің қолдауымен Қызылағаш су қоймасын қалпына келтірдік. Өңірдің су жүйесіне баса назар аударып отырмыз. Енді егістік алқаптарының ұлғаятыны айтпаса да түсінікті. Бастысы, қант қызылшасын қайтадан толық өңдеуге қол жеткіздік. Жүз мың тонна балтамырдан 22 мың тонна жом алуға болады. Бұл зауыт үшін қосымша табыс көзі.

Облыс әкімі сапар аясында тағы бір қуанышты жаңалықты жеткізді. Ол – тәтті түбірді сатып алу бағасының өсуі. Бұл өз кезегінде қызылшашылардың ынтасын арттыратыны анық.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

13.04.2026
Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

13.04.2026
Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

13.04.2026
Қыз қадірі – ұлт қадірі

Қыз қадірі – ұлт қадірі

13.04.2026
Экрандағы ерсілік пен еркіндік

Экрандағы ерсілік пен еркіндік

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.